Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке келді
545
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ертең түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді. Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады. Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.