Данилина финалда
Данилина финалда
234
оқылды
Қазақстанның жұптық сын­дағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадридте өтіп жатқан ITF W60 турнирінің финалына жол­дама алды. Қазақстандық теннисші ре­сей­лік Анастасия Тихоновамен бір­ге жартылай финалда ма­жар-с­тан­дық Тимея Бабош және ре­сей­лік Валерия Савиныхқа қарсы ой­нады. Қазақстандық-ресейлік жұп үш сетке созылған тартысты матчта 6:4, 3:6, 10:8 есебімен жеңіс­ке жетті. Бүгін А.Данилина мен А.Ти­хо­нова жұбы соңғы бәсекеде қы­тайлық Лу Цзя Цинь және жапо­ния­лық Ю Сяодимен бас жүлдені сарап­қа салады. Бұған дейін ерлер арасын­дағы до­даларда жұптық сында Андрей Голубев пен Григорий Ло­макин жа­рыс жолынан шы­ғып қалды.