Ойынқұмарлық ойландырады
Ойынқұмарлық ойландырады
474
оқылды
«AMANAT» партиясының Жастар қанаты интернетке тәуелділік пен құмар ойын­дарымен күрес жұмысын жандандыруға шақырды. «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты директоры орынбасары Серік  Ахметжановтың айтуынша, 2019 жылғы мәліметтерге сәйкес қазақстандықтардың 73,8 пайызы лудоманияны өзекті мәселе деп санайды, ал қатысушылардың 11 пайызы өз отбасыларында құмар ойындарына тәуелді адамдардың бар екенін айтты. «Ғаламтор көптен бері адам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды, әсіресе балалар мен жастар арасында. Бірақ құмар ойындары онлайн болғаннан бері, оның артықшылықтары­мен қатар, қауіпті жақтары да көбейді. Бұл мәселе енді ғана зерттеліп басталуда, ғылыми зерттеулерге барынша ден қо­йылуы тиіс», – деп айтып өтті Жастар қанаты төрағасының орынбасары Айсұлу Ерниязова. Ал психолог Аида Тұрғазы лудоманияның түбінде бүтіндей жинақталған факторлар жатыр дейді. «Осылайша, адам өзіндегі отбасылық, карьераға қатысты, махаббат және өзге де мәселелерінен алшақтауға тырысады. Кез келген жағдайда тәуелді адам ең басында мәселенің барлығын мойындап, міндетті түрде мамандарға жүгінуі міндетті. Жақын туыстары, достары алғаш болып дабыл қаққаны жөн», – деді А.Тұрғазы. Өз кезегінде Еуразия ұлттық университетінің доценті Оңайгүл Тұржан бүкіләлемдік желінің кесірінен адамдарда ойлау, сөйлеу және жазу мәдениеті өзгергендігіне назар аударды. «Ақпараттық иммунитеттің жинақталмауына байланысты ақпаратты талдай алмайтын жас­тардың саны көбейді. Жас­тардың потенциалын түрлі пәндік олимпиадаларға, ғылыми зерттеулерге бағыттау керек, басқа сөзбен айтқанда зияткерлік жетістігін кеңейту қажет», – дейді О.Тұржан. Айта кету керек, партияның Жастар қанаты аймақтарда интернетке тәуелділік пен құмар ойындар деңгейін талдау, осы са­ладағы қазақстандық және ше­телдік заңнамаға сапалы талдау жүргізу, сондай-ақ құмар ойындары бар сайттардың тізі­лімін жариялау үшін бірқатар фокус-топтарды жинақтауды жоспарлап отыр.