17 жыл күткен жүлде
17 жыл күткен жүлде
332
оқылды
Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Командалық сайыста Қазақстан қыздар құрамасы қылыштасу бағдарламасында қола медальға қол жеткізді. Спортты дамыту дирекция­сының мәліметінше, құрамында Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Татьяна Приходько, Анастасия Гулик өнер көрсететін біздің команда ширек финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Ширек финалда Гонконг спорт­шыларымен өт­кен кездесу аса тартысты болып, 45:43 есебі­мен жеңісті жұлып алдық. Алайда спортшы қыздар жартылай фи­нал­да оңтүстік­кореялықтарға 35:45 есебімен есе жіберді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Артем Саркисян қылыштасу бәсекесінде қола медальға қол жеткізіп, Қазақстан үшін 17 жыл күткен Азия чем­пионатындағы жүлдені әперген еді. – Бір жарым айдан кейін бізді мысыр астанасы Каирде өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Сол жерде барынша сәтті өнер көрсетуге тырысамыз. Қазір барлық да­йын­дығымызды әлем чемпио­натына арнап жатыр­мыз, – дейді семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алек­сей Писцов.