Қазақ балетінің Жапониядағы жарқылы

Қазақ балетінің Жапониядағы жарқылы

«Астана Опера» театрының жетекші солисі Арман Оразовтың өнері Жапония жұртшылығын тәнті етті. Ол танымал жапондық Maki Asami Ballet труппасымен өнер көрсетіп, қазақстандық балет өнерінің жоғары деңгейін паш етті. Қазақстан балет өнерін жапон еліне танытқан Арман Оразов Ролан Пе­тидің ассистенті, әйгілі балет­мейс­тер Луиджи Бониноның арнайы ша­қыртуымен барған. Ол бұған дейін Италия, Испания, Санк-Петербург қа­лаларында бірнеше қойылым қой­ған.

«Мені Фебтің партиясын орын­дауға шақырғаны мен үшін зор мақ­та­ныш. Бұл спектакльде менің ре­пер­туарымда Фроллоның да рөлі бар. Жапон халқы өте жақсы қарсы алды. Ал­ғашында қобалжу болды. Қанша де­генмен басқа шығармашылық ұжым­­­­мен өнер көрсету оңай емес.  Бірақ, бойымдағы қорқыныш пен үрей­­ді жеңіп бәрін жақсы алып шы­ғу­ға тырыстым. Maki Asami Ballet теат­­рының директоры басқа да спектак­льдерге  шақыратынын айтты», – деді Арман Уразов.
Спектакль Токиодағы беделді Bunka Kaikan Hall сахнасында өтті. «Астана Операның» жетекші солисі спек­такльдегі капитан Фебтің пар­тия­сын жоғары деңгейде орындап, жапондық көрерменнің құрметіне бөленді. Ол өзінің жетістігін ұстазы Алты­най Асыл­мұратованың берген тәлі­мінің жемісі деп біледі.
«Жақында Арман балет труппасы­ның жетекші солисі болды. Оның өзінде ірі партиялардың арсеналы бар. Нотр-Дам соборында Фибус пен Клод Фроллоның ариясын орын­дай­ды», – дейді «Астана-Опера» балет труп­пасының көркемдік жетекшісі, Ре­сей­дің Халық әртісі Алтынай Асыл­­мұратова.
Арманның актерлік шеберлігі мен техникалық дайындығы да тал­ғам­паз көрерменді тәнті еткен.

 Алмагүл БЕРДІМҰРАТ