17 маусымға арналған ауа райы болжамы
17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 17 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. Ел аумағының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан тұрақсыз ауа райы сақталып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. ҚР аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Шығыста, Алматы облысының таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығыында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с-қа күшеюі мүмкін. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел соғады. Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық болады деп болжайды Казгидромет. Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ал Жамбыл облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.