Заңсыз құрылыс зәрезап қылды
Заңсыз құрылыс зәрезап қылды
481
оқылды
Бұл күнде ірі қалалардағы иін тірескен көпқабатты үйлердің тұрғындарынан маза қашқан. Көк тіреген зәу­лім ғимараттың атшаптырым ғана аумағы не көлік тұ­ра­ғы етуге, не балалардың ойын алаңын салуға жет­пей­ді. Есесіне сән-салтанаты жарасқан аумаққа көз са­латын құрылыс компанияларының сөзі өтімді. Осы­дан барып тұрғындар мен құрылыс компаниялары ара­сында бітіспес дау пайда болады. Өкініштісі, өткен ап­тада осындай жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды. Қауіпсіздік үшін күресіп келеді Алматы қаласының Бос­тан­дық ауданындағы Короленко кө­шесінде орналасқан бес қа­батты үйдің тұрғындары заңсыз салынған құрылысқа қарсылық біл­діріп, рұқсат етілмеген ми­тин­гіге шықты. Заңсыз құрылысқа наразылық соңы тұрғындардың көлік қозғалысына кедергі кел­тіріп, көшені жапқан. Өкінішке қарай, көшеден өте алмаған көлік жүргізушілерінің бірі тұрғындар­мен жаға ұстасып, ауыр соққыдан ауруханада қайтыс болды. Оқиға куәгерлерінің айтуына қарағанда, көшеден көлікпен өте алмаған жүргізуші жолды жауып тұрған тұрғындардың бірімен ұстасып қалады. Егде кісіге көмектескен тағы бір жігіт сол сәтте көлік жүргізушісін итеріп жіберген. Ауыр соққыдан асфальтқа құлаған жүргізуші ауруханада қайтыс болды. Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көшені жапқан тұрғынның үстінен Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» бабы бо­йынша іс қозғалған. Бұдан бөлек, рұқсат етілмеген акция өткізгені үшін тағы төрт адам әкімшілік жауапқа тартылған. Адам өлтіргені үшін қамауға алынған күдіктінің әйелі Мәдина Сейітаханова «Біздің үйдің тұр­ғындары балалардың қауіпсіздігі үшін көшеге шықты» деп отыр. Айтуынша, қайғылы оқиға болған күні күйеуі акцияға шыққан егде жастағы көршісіне ара түсіп, марқұмды итеріп жіберген. Негізінен Короленко көшесіндегі №8 үй тұрғындары құқықтары үшін бірнеше жылдан бері күресіп келеді. Шағын, тұйық көшедегі үйдің кіреберісі бірден көшеге шығады. Осыдан бірнеше жыл бұрын №8 үйдің іргесінен «Терра» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталған. Сол үшін жанындағы бес қабатты үйдің ауласын жауып, көлік тұрағын да алған екен. Салда­рынан көрші үй тұрғын­да­рының есік алдына шығуы қауіпті бола бастаған. Өйткені шағын көше­ден көлік үзілмейді. Оқиға ор­нында тілшілермен тілдескен №8 үй тұрғындары шағын көшеге шлагбаум қою туралы мәселені әкімдікке бірнеше рет айтқанын, бірақ әкімдік әрекет етуге асық­пағанын жеткізіпті. Бос уәдеге тойған тұрғындардың шыдамы таусылған соң осындай әрекетке барған көрінеді. Қала белсенді­сінің сөзіне сенсек, тұр­ғын­дардың осындай қадамға баруына әкімдік кінәлі. Әкімдік рұқсат еткен жерде бой көтерген 17 қабатты «Терра» тұрғын үй кешені бес блоктан тұрады. Тұрғын үйді салған Tau Development компаниясы бұл кешен «жайлы өмір мен қауіп­сіздікті қадірлейтін адамдарға арналған» деп сипаттапты. Алайда жайлы өмір сүруді қалайтын өзге үйдің тұрғындары өз құқығын қор­ғаймын деп абайсызда адам өлтіріп, тағы төртеуі жауапкер­ші­лікке тартылып жатыр. Кең тыныстау қиындап барады Урбанист Ерлан Әукенов бұ­ған дейін қаладағы тұрғын үй құ­рылысы мен халық саны арасында байланыс болуы керек екенін айт­қан. Мысалы, елорда тұрғын­дарының саны жыл сайын 60 мыңға, Алматы қаласында 65 мың­ға, Шымкентте 30 мың адамға өседі. Өкінішке қарай, қала құ­рылысында бірыңғай жүйе бол­май, жергілікті тұрғындармен са­наспай жасалған істің соңы осылай опық жегізе берері анық. [caption id="attachment_201767" align="aligncenter" width="1200"]құрылыс © коллаж: Қуаныш Сапарбай[/caption] Адвокат Ермек Тілеукеев мә­селенің басы заңсыз жер берілуден басталатынын айтады. Қазіргі жағдайға зер салсақ, мәселенің басы жер телімдерін құрылыс ком­панияларына беруден бас­талады. Одан кейін коммуникация жүйесі жүргізілмей жалғасады. Яғни, заңсыз құрылыс нысаны­ның қасындағы үйлердің мүддесі қорғалмайды. «Құрылыс компа­ниясы таныс-тамыр арқылы ли­цензия алып алады. Ал олардың қызметінде заңсыздық анықталса, сәулет құрылыс мамандары құ­рылысты сүргізіп, хаттама тол­ты­руы керек. Бірақ сәулет құрылыс мемлекеттік мекемесінің өзіне қа­дағалау керек секілді. Себебі құ­рылыс компанияларының қа­зіргі әрекеті мемлекеттік меке­ме­дегі таныс-тамырлық пен көз­бояу­шылықты көрсетіп отыр. Қо­ғам өзі көтермесе, қадаға­лай­тын органдар өз жұмысын істе­мейді. Себебі құрылыста жемқор­лық схемасы «дамыған» дейді заң­гер. Айтуынша, құрылыс ком­паниясының иелері қарапайым адам емес. Оның артында мем­лекеттік қызметтегі мықты бас­шылар бар. «Өкінішке қарай, мем­лекеттік мекемелердегі жа­сырынған ауру әшкере болған сайын адам шығыны болып отыр. Адам өлмесе, ащы шындықты жеткізу мүмкін емес», – дейді Ермек Тілеукеев. Bazis білгенін істей бере ме? Соңғы жылдары заңсыз са­лынып жатқан көпқабатты үйлер­ге қатысты тұрғындардың талабы көбейген. Мәселен, бұдан бұрын Нұр-Сұлтан қаласындағы Қа­банбай мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында орна­лас­қан зәулім ғимараттарды салуға Bazis бас­шылары мемлекеттік мекеме­лер­дің рұқсатын алмағаны белгілі бол­ған-ды. Сол кезде де тұрғын үй жанына заңсыз құрылыс жүр­гіз­ген ком­панияның әрекетіне тұрғындар қарсы шық­ты. Олар­дың сөзінше, компания құрылыс талаптарын мүлдем сақ­тамаған. Ең қызығы, Zangar тұр­ғын үй ке­шені құры­лысының жо­­балық-сметалық құ­жаттары мем­лекеттік сарап­тамадан өтпе­ген. Ал жұ­мысшылар 16 қабатты үйді жар­ты­сына дейін көтеріп қойған. Ашуға булыққан тұрғын­дар осы заңсыздық үшін Прези­дент Әкім­шілігіне, Бас про­ку­рорға, Пре­мьер-Министрге, са­лалық ведом­ствоға бірнеше рет арызданған. Бірақ жергілікті ат­қарушы орган шара қолдануға асықпай отыр­ған көрінеді. «Қа­ланың сол жа­ға­ла­уында Bazis-тің еншілес ме­кемесі Bazis-А ком­паниясы тұр­ғын үй кешенін заң­сыз салып жатыр. Компанияның қожайын­дары нор­мативтерді сақ­тамай, бір жыл­дан бері құры­лыс жүргізіп келеді. Жеке тұрғын үйлердің арасынан 9,12,16 қа­батты үйлер бой көтеріп жатыр. Же­ке тұрғын үйлермен арақа­шық­тық сақтал­маған, еке­уінің арасы небәрі 5 метр», – дейді көр­ші үйдің тұр­ғындары. Құрылыс алаңындағы ауыр жүк көтеретін кран адамдардың үстінен жүк тасып, тұрғындардың өміріне күн сайын қауіп төндіреді. Бір ай бұрын ғана Bazis компа­ниясының автомұнарасы заңды бұзып, адамдар өтіп жатқан жол­дың үстінен құрылыс материал­дарын тасып жатқан сәтінде құ­рылыс нысанының дуалы ас­фальт­тың үстіне құлапты. Абырой болғанда, сол сәтте көшеде адам болмаған. Алайда асфальт опы­рылып, көлік қозғалысы шектел­ген. «Құрылыс нысанының қа­сында мектеп бар. Қауіпті құры­лыстың астынан күнделікті оқу­шылар ары-бері өтеді. Бұл ғана емес, құрылыс краны қасындағы үйлердің терезесін өте жақын жанап өтеді. Осы туралы бірнеше құзырлы органға тексеру туралы өтініш айттық. 6 наурыз күні Пре­зидент Алматы мен Нұр-Сұл­тан әкімдеріне тығыз құрылыс салуды тоқтату туралы нақты тапсырма берген болатын. Әзірге бұл тап­сыр­маны орындауға әкімдік құлық танытпай отыр. Тұрғындар құзырлы органдардан жарытымды жауап ала алмаған соң митингіге шығуға мәжбүр. Биліктің назарын аудару үшін міндетті түрде адам өлімі болуы керек пе?», – дейді елорда тұрғыны Ардақ Есдәулет­қызы. Айтпақшы, осы үйдің қа­сында орналасқан жекеменшік балабақшаның балалары да ойнайтын жер болмағандықтан, үйдің төбесінде ойнайды екен. Сала мамандарының айтуын­ша, құрылыс талабы мен ереже­сіне сәйкес жұмыс жүріп жатқан қызыл аймақ пен адам жүретін жа­сыл аймақтың арасында арақа­шықтық сақталуы тиіс. Заңды өз ыңғайына қарай ауыстыруға әуес лоббистердің әрекетіне тоқтау салу тағы қиын. Өйткені тұрғын үйлердің арасында қалуы тиіс жер көлемі бұрын 50 метр болса, 20, 25, қазір 15 метрге дейін қысқар­тылып жатыр. Бірақ осы талаптың өзі өрескел бұзылып келеді. Мә­селен, әлгі айтқандай элиталы ау­маққа үй тұрғызуға әуес құры­лыс компанияларының ережені елеп-ескеріп жатқаны шамалы. Ал қаланың сәулет-жоспарлау тапсырмасындағы олқылықтар үшін кім жауап береді?