СҚО полицейлері заңсыз сақталған 50-ден аса қару тәркіледі
СҚО полицейлері заңсыз сақталған 50-ден аса қару тәркіледі
Фото: kremenchug.ua
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 50-ден астам заңсыз сақталған қару тәркіледі. Аймақтағы Полиция департаменті өкілдері биыл азаматтық қару сақтау және қайта тіркеу ережелерін бұзу бойынша 562 іс тіркелгенін айтты. Полицияға қаруды өз еркімен тапсыру науқаны кезінде 23 қару рәсімделген. ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша айналымнан – заңсыз сақталған 56 қару тәркіленді. Ал ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша 403 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«13 маусым күні «Жол-көлік оқиғаларын тоқтатамыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 01.00 шамасында Черуновка ауылында GREAT WALL көлігін тоқтатты. Көліктің салонында екі дана аңшылық қару болған. Оның бірі тіркелмеген», – деп атап өтті СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Петропавлдық 44 жастағы ер адамға тіркелмеген ТОЗ-63, 16 калибрлі аңшы мылтығын сақтағаны үшін хаттама толтырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 484-бабы 1-бөлігі (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан аумағына әкелу, Қазақстан аумағынан әкету және Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Қару сараптамаға жіберілді.