Атырауда тұрғындар донерден уланып қалды
Атырауда тұрғындар донерден уланып қалды
334
оқылды
Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жеткен, қазір оның 9-ы ауруханада жатыр. Астан уланғандар қаладағы фаст-фуд әзірлейтін дүңгіршектен тауық етінен жасалған донер жеген. Инфекциялық ауруханаға түскен атыраулықтардың ішінде 1 жасар сәби де бар. Мамандар науқастардың жағдайы орташа деп отыр. Аталған оқиғаға қатысты қалалық Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, кәсіпкерлік нысан өз жұмысын уақытша тоқтатқан.
«Қазір он адамның тоғызы инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары бір қалыпты. Барлығында да қызу болған. 40-қа дейін барған. Іш өту дейміз, сондай сипмтомдары болған», – деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Әлия Бекешева.