Сұрақтарға жауап берді

806
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата депутаттарының аймақтарға сапары аясында Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына келді. Осында спикер өңір тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Ең әуелі Нұрлан Зайроллаұлы облыстың ең ірі кәсіпорындары – «Қазақстан агро инновациялық корпорация» ЖШС-ның және «Көк­шетау минерал сулары» ком­па­ниясының цехтарын ара­лап көрді. Мәжіліс басшысы көпсалалы ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, сондай-ақ минералды су шығару процесімен танысты.
«Қазақстан агро инновациялық корпорация» кәсіпорны ауыл шаруашылығына және коммунал­дық шаруашылыққа қажет тех­никаларды, атап айтқанда тір­кемелер, сұрыптаушылар, аспалы жабдықтар, орама және азық-жем даярлау құралдар, экскаваторлар, әртүрлі көлем мен үлгідегі жүк тиеуші машиналарды құрастыруға маманданған. Жалпы алаңы 6 гектардан астам жерді алып жатқан кәсіпорын бүгінде инновациялық талапқа сай жемісті жұмыс жа­сауда.
«Көкшетау минерал сулары» кәсіпорнының еңбек ұжымымен әңгіме барысында Нұрлан Нығ­матулин көркі сұлу Көкшетау еліміздегі тарихы бай қалалардың бірі екенін, Елбасының тұрақты қамқорлығының арқасында арайланып, бүгінде болашағы жарқын, мақсаты айқын, іргелі мекенге айналғанын атап өтті. Мәселен, Ақмола облысы елі­міздегі ірі астықты өлке ретінде Қазақстан бойынша бидайдың төрттен бір бөлігін өндіріп, әрбір шаңыраққа ас атасы – қасиетті нанды ұсынуда. Әлемнің 26 еліне астық экспорттап, Қазақстанның экономикалық дамуына да үлкен үлес қосуда. Өткен жылы Ақмола облысы жалпы ауқымы 5,1 мил­лион тонна астық жиған.
Облыста былтыр ғана Елба­сының қатысуымен жаңа ин­дустриалды-технологиялық парк ашылды. Еліміздің Индус­трияландыру картасы аясында жалпы құны 223 млрд теңге тұратын 76 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 7,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 528,3 млрд теңге инвестиция құйылатын 11 жобаны іске қосу жоспарланған. Ол 4,3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін көрінеді.
Жалпы, бұл облыс өнеркә­сіп, ауыл шаруашылығы, инвес­тициялар тарту және тұрғын үй құрылысы салаларында жо­ғары жетістіктерге жетіп, Қа­зақстандағы аграрлық-индус­трия­лық аймаққа айналып келеді. Н.Нығматулин осы жылдары елімізде мыңдаған жаңа нысан іске қосылғанын еске салды. Соның ішінде, тәуелсіздіктің құрдасы саналатын «Көкшетау минерал сулары» зауыты 100-ге жуық сапалы әрі табиғи өнім түрін шығарып, жыл сайын бәсекеге қабілеті артуда.
Өз сөзінде Мәжіліс төрағасы Қазақстанның тәуелсіздіктің 26 жыл ішіндегі табыстарына да тоқталды. Оның байламынша, бұл – болашақты болжай оты­рып, егемен еліміздің тірегіне айналған Елбасының дана саясатының жемісі. Сонымен бірге, Прези­денттің әр баста­масына бір кісідей қолдау көрсеткен халқымыздың ынты­мағының нәтижесі.
Нұрлан Нығматулин еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктерін де айрықша атап өтті. Оларға биыл басталған Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы, Сириядағы қақтығысты реттеудегі бітімгершілік істер, Шанхай ынтымақтастық Ұйымы мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Астанада өткен саммиттері және басқалары жатқызылды.
– Елбасы Н.Назарбаев – Қа­зақстандағы түбе­гейлі ре­фор­малар­дың баста­машысы және идея­лық рухтандырушысы. Прези­дент­тің жыл сайынғы Жолдау­лары еліміздің кең ауқымды жаң­ғыруы, отандық экономиканы реформалау, қоғамның терең трансформациялануы, рухани жаңғыру, ұлт бірлігі мен этнос­аралық және дінаралық келісімнің бірегей үлгісінің қалыптасуы үдерістерінің негізіне қаланды, – деді Нұрлан Зайроллаұлы.
Бұдан кейін Мәжіліс спи­кері «Авиценна» емдік-профи­лактикалық мекемесінде бо­лып, ақ халаттылармен кездесті. Дәрігерлер алдында еліміздің медицина саласындағы жетіс­тіктері және Елбасы жүктеген болашақ жоспарлар турасында баяндады.
Сондай-ақ Мәжіліс басшы­сы еңбек ұжымдары өкіл­дерін, облыс тұрғындарын толған­дырған сұрақтарға жауап берді. Ақмолалықтарды экспорттау­шыларды қолдау, агросекторды өркендету, өңірлерді сапалы ауызсуымен қамтамасыз ету мәселелері қызықтырды.
Көкшетауға сапарын түйін­деген Н.Нығматулин халықпен кездесу депутаттық корпустың заң шығарушылық жұмысы үшін маңызды екеніне екпін түсірді.
– Біз Ақмола облысында ауыл халқымен және әртүрлі сала мамандарымен кездесіп, көптеген сұрақтарды талқы­ла­дық. Әсіресе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерге баса көңіл бөлінді. Көптеген ұсыныс, біраз пікір, соның ішінде проблемалар да айтылды. Олардың барлығы алдағы заң шығару жұмысымызда ескері­летін болады, – деді ол.
Сөз соңында ол барша қа­зақстандықтар секілді, Ақмола облысының тұрғындары да Мемлекет басшысының сенімді тірегі ретінде нақты істерімен Н.Назарбаевтың барлық баста­маларына толық қолдау көрсетіп отырғанын айтты. Сондай-ақ ақ­молалықтар Қазақстанды да­мыту бойынша президенттік стра­те­гияларды жүзеге асыруға белсенді қатысарына сенім білдірді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*