ЖАҢА БИІКТЕРГЕ БАСТАЙТЫН ЖАҢА САПА

1288
3
Бөлісу:

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД,
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары:
– Елбасымыздың Жолдауында елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағыты айқын белгіленген. Біздің ендігі міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өмірі, денсаулығы мен тұрмысына деген Елбасы қамқорлығынан тұратын Жолдаудың мазмұнын барша халыққа жеткізу.


«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхам­медтің төрағалығымен Демо­кра­­тия­лық күштердің «Қазақстан – 2050»­ жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті. Онда Елба­сы­ның «Төртінші өнеркәсіптік рево­лю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жол­да­уын­дағы басым бағыттардың маңызы мен мәні кеңінен сөз болды.

Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орын­басары жаңа Жолдаудың Қазақ­стан­ның жүйелі жаңғырудағы 10 басым бағытын жүзеге асыруды қам­та­ма­сыз ететін бірегей бағдар­ла­малық құжат екенін атап өтті. Қазақстандық индустрияны, агроөнеркәсіптік кешенді және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды цифрландыру, тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық секторға жаңа технологияларды енгізу Елбасы ұсынған елді дамытудың негізгі векторы болып саналатыны да айтылды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед атап өткендей, мұның барлығы Қазақ­стан­ның жаңа әлемдегі жетекші елдердің қатарына қосылуы үшін қажет.
– Елбасымыздың Жолдауында елі­мізді саяси, экономикалық, әлеу­меттік және рухани жаңғыртудың 10 ба­сым бағыты айқын белгіленген. Біз­дің ендігі міндетіміз – әрбір қазақ­­стандықтың өмірі, денсаулығы мен тұрмысына деген Елбасы қам­қор­лығынан тұратын Жолдаудың мазмұнын барша халыққа жеткізу, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының айтуынша, Президент дәстүрге сай биыл да әлеу­мет­тік даму мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, адам капиталын қазақстандық жаңғырудың жүйелі үштағанының негізі ретінде белгіледі. Яғни, жүйелі білім, сапалы әрі қолжетімді медицина және халықты өнімді жұмыспен қамту азаматтардың тұрмыс деңгейін кө­те­ре­тін маңызды тетіктер екені айтылды.
Сонымен қатар отырыс бары­сын­да Мемлекет басшысының Жол­дау­да «Рухани жаңғыруға» арнайы көңіл бөлгені, оның келешекте де жалғасатын басым бағыт болып қалатыны сөз болып, ұлттың әлеуетін арттыруда бұл игі бастаманың берері мол екеніне назар аударылды.
Аталған іс-шараға елдегі жетек­ші партиялардың басшылары, Пар­ла­мент депутаттары, Қазақстан хал­қы ассамблеясының, кәсіби және қо­ғам­дық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Өз кезегінде Коалиция мүшелері Мемлекет басшысының жаңа Жолдауына байланысты ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Елбасының қаржы секторын тұрақтандыру туралы тап­сырмасын ерекше атап өтті. «Осы сала­ға қатысты алтыншы басым ба­ғыт­та Мемлекет басшысы банктік портфельдерді «нашар» несиеден арыл­ту ісін аяқтауды тапсырды. Бұл – өте маңызды қадам» деді А.Перуашев.
Биылғы Жолдауды «100 нақты қадам», үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық даму, «Рухани жаңғыру» сияқты ауқымды бағдарламаларда көрсетілген бағыттардың жалғасы деп қарайтынын айтқан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым адами капитал мәселесін тілге тиек етті. Өз сөзінде ол: «Заман өзгер­ген соң біз де өзгеруіміз керек. Адами капиталды қалыптастыру – ең негізгі межеміз. Сол арқылы жаңа білім мен кәсіпті игеріп, санада да, қоғамда да айтулы өзгерістер жасап, алпауыт елдер санатына қосылуға болады.
Бұл – қазіргі күннің аксиомасы», – деді.
Иә, қазіргі таңдағы өзекті әлеу­мет­тік рухани мәселелердің көбіне Елба­сының Жолдауында нақты жа­уап берілген. Бұл Жолдаудың мәні, ерек­шелігі халқымыздың әлеуметтік мәселелерін жетілдіру мен адам капи­та­лын дамыту мәселелерінің терең, мұқият қарастырылуында екені де анық. Өйткені Мемлекет басшысы бұл жолы әлеуметтік бағытқа аса ерекше мән беріп, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметшілердің жалақысын өсіру сияқты бүкіл қоғамның қолдауына ие бол­ған маңызды міндеттерді тапсыр­ды.
Отырыста сөз алған «Жаңару» сыбай­лас жемқорлыққа қарсы жалпы­ұлт­тық қозғалысы» республика­лық қоғамдық бірлестігінің президенті Оралбай Әбдікәрімов жемқорлықпен күрестің күшейе түсетініне көпшілік­тің назарын аударды. Оның сөзіне қара­ғанда, Елбасы бұл саланы жіті қа­да­ғалап, ұдайы басты назарында ұстап келеді.
Әлеуметтік желіде белсенді аза­мат, «Қазақстанның азаматтық альян­сы» заңды тұлғалар бірлестігінің пре­зиденті Тәңірберген Бердоңғар IT-тех­но­логия мен оның мүмкіндіктерін сөз етті. «Елбасымыз Жолдауда бұл саланы да­мытуға ерекше мән беріп отыр. Әлемдегі қазіргі ахуалға зер салар болсақ, ақпараттық технологияның мүм­кіндігі орасан. Сондықтан оны дамытып қана қоймай, тиімді пай­да­лана білуіміз керек» дейді Т.Бердоңғар.
Іс-шараны қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жаңа Жолдауды ешбір әсірелеусіз Қазақстан үшін биылғы жылдың басты құжаты деп атады. Өйткені онда еліміздің саяси, экономикалық және рухани дамуындағы басым бағыттар түсінікті әрі нақты көрсетілген.
– Елбасы Жолдауы еліміздің барша азаматтарын ортақ мүддеге біріктіреді. Сондықтан биылғы тарихи құжаттың мәні мен маңызын халыққа түсіндіруде барша Коалиция мүшелерін бел­сен­­ділік танытуға шақырамын, – деген Мұхтар Құл-Мұхаммед бұл отырыстың Елбасы Жолдауындағы ба­сым бағыттарды жүзеге асыруда барша қазақстандықтардың күш біріктіруіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Жолдауға қолдау білдірген, еліміздің барша азаматтарын жылдың басты құжа­тын талқылау және түсіндіру жұ­мыс­тарына белсенді қатысуға шақырған Үндеу қабылданды.

Еламан ҚОҢЫР,
суреттерді түсірген
Рустам АМАНТАЙ


 

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

– Ұлттық банктің жұмы­сы, оның тарапынан еліміздегі қаржы институттарының қыз­ме­тін қадағалау қатаң әрі уақы­тылы және нәтижелі болуы керектігі Жолдауда нақты ай­тыл­ған. Сондай-ақ Елбасы инвес­ти­циялық ахуалдың одан әрі жақ­саруы және қор нары­ғы­ның дамуы аса маңызды екенін де назардан тыс қалдырған жоқ. Соған орай Президент: «Бұл – «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі міндеттерінің бірі. Ол халықара­лық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қар­жы технологияларын қолда­на­тын өңірлік хабқа айналуға тиіс», – деп қаржы саласындағы алдағы жұмыстың нақты бағыт-бағдарын айқындап берді.
Біз, ақжолдықтар, Парла­мент Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясының фракция­сы ар­қылы еліміздегі қаржы сала­сы­ның жетілдіруге бар күш-жігерімізді жұмсап келеміз. Сондықтан Жолдауда айтылған басым бағыттардың маңызы мен мәнін халыққа түсіндіру жұмыстарына белсене атсалы­са­тынымызды жеткізгім келеді.

Бауыржан БӨРІБЕК, «Бірлік» саяси партиясы төрағасының орынбасары:

– Қазақ­стан­­ның тари­хын, мә­дениетін, дәс­­түрін дәріп­тей­тін партия ретінде біз Жолдаудағы 10 басым бағыт­ты толығымен қолдаймыз. Өйткені «Бірлік» партиясы бұл Жолдауды өткен жылы жарияланған Қазақстанның үшінші жаңғыруы стратегиялық бағдарламасының жалғасы деп қабылдады. Бірінші міндетте Елбасы индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керектігін айтты. Бұл өндірістің барлық саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлу керектігін меңзейді. Сондықтан Жолдауда осы мәселе жиі көтерілген. Қа­зір­гі таңда нарықтың е ң жедел өсіп келе жатқан сегменті ретінде мұнай емес, осы IT-өнім­дер аталады. Тіпті кейбір елдерде аталған өнімдердің экспорты негізгі табыста жетек­ші рөлге ие бола бастады. Өз кезегінде Қазақстанға да бұл салада же­тістіктерге жетуге барлық мүм­кін­дік бар. Себебі, біздің жас­та­рымыз білімді және бізде қазіргі заманғы ақпа­рат­тық-коммуникациялық инфра­құрылым жасақталған. Сондық­тан бұл салада табысқа жетуге мол мүмкіндік бар.

Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
– «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын жаңа Жолдауды дағдарыс мәселелерін шешетін нақты тетік деп есептейміз. Себебі, жетістіктің басты факторы минералды ресурстар емес, адам екені баршаға белгілі. Сондықтан әрқайсысымыз Елбасы Жолдауын талқылап, оның басым бағыттарын жүзеге асыруға, еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруға өз үлесімізді қосуымыз керек.
Осы ретте Федерацияның Орталық аппараты ортамерзімді кезеңге арналған Кәсіподақтар федерациясын жаңғыртуға бағытталған «Жол картасын» дайындауда. Бұл кәсіподақтардың қазіргі кездегі стратегиясы мен тактикасын айқындайтын маңызды құжат болмақ. Өйткені әлеуметтік еңбек қатынасының өзектілігі, жұмыс орындарын сақтау мәселелерінің жедел шешілуі, еңбектің тиімді қорғалуы, жалақының уақытылы төленуі және өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары қазіргі заманның басты трендтері.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ,
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:
– Елбасымыз биылғы Жолдауында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға қатысты нақты міндеттерді айқындап берді. Осыған орай, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жоспар бойынша жұмыс істейтін болады. Біз бұған дейін де айтарлықтай жұмыстар атқардық. Мәселен, бұрын мемлекеттен субсидия алғысы келген кәсіпкерлер 32 құжат жинап, әуре-сарсаңға түсетін. Кәсіпкерлер бізге осы мәселені айтып, жиі шағымданады. Сондықтан алдағы уақытта цифрландыру аясында аталған түйткілді бір ғана өтініш жазу арқылы шешетін тетікті іске қосамыз. Сондай-ақ ауылдағы азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мәселесі де өте өзекті. Осы орайда өзіміздің «Бизнес-Бастау» деген бағдарламаны қолға алып, Үкіметтің қолдауымен өткен жылы 80 ауданда
15 мың адамды оқыттық. Соның 8 мыңы бизнес жоспарын қорғап шықса, 3 мыңнан астамы бүгінде өз ісін ашып, жұмыс істеп отыр. Екі жыл бұрын Елбасының тапсырмасымен «Ұлы дала» атты кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған байқауды қолға алдық. Биылдан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай байқау жеңімпаздарына нақты қолдау көрсетілетін болады.

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ,
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ президенті:
– Бүгінде еліміз бойынша Елбасымыздың Жолдауы қызу талқылануда. Осы ретте халықтың белсенділігін ерекше атап өткен жөн. Жолдаудағы жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы айтылған тоғызыншы міндетке назар аударуды жөн көріп отырмын. Бұл басым бағытта жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жұмыстары жалғаса беретіні нақты айтылған. Сондықтан еліміздегі барлық мекеме, ұйым және ұжым бұл дертке қарсы тұрып, «бір жеңнен қол шығарып» әрекет етуі тиіс. Өз кезегімізде біздің қозғалыс осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, әрекет ететін болады. Өткен жылдың қараша айында Парламентке ұсыныс жасап, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша парламенттік тыңдау өткізуді ұсындық.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін нақты не істеу керектігін айқындап берген құжат. Сондықтан барша қазақстандықтар алдымен өздерінің жарқын өмірлері үшін осы құжаттағы басымдықтарды жүзеге асыруға мүдделі болуы керек.

Марат ӘУБӘКІРОВ, Қазақстан коммунистік халық партиясы Астана қалалық филиалының бірінші хатшысы:

– Қазақстан коммунистері Елбасы Жолдауын елімізді қарқынды дамуына жол ашатын маңызды құжат деп есептейді. Осыған орай Жолдаудағы басым бағыттардың мәнін халыққа түсіндіруде партиямыздың Мә­жі­лістегі фракциясының мүшелері өңірлерге барып, халықпен кездесулер өткізуде. Осы ретте биылғы Жолдауда Елбасымыз ауыл шаруашылығын одан ары жетілдіру ісіне айрық­ша маңыз беріп, «ақылды тех­но­логиялар» арқылы агро­өнер­­кә­сіп кешенін қарқынды дамытудың нақты міндеттерін айқындап бергенін атап өткен жөн. Соған орай Қазақстан ком­­мунистері Президенттің Жол­дауда айтқан басым бағыттарын ауылдық жерде жүзеге асы­руды ұсынады. Біз Жол­дауды талқылау және оны халыққа түсіндіру жұмыстарына белсене қатыса отырып, барлық демократиялық күштерді және барша қазақстандықтарды елі­мізді жарқын болашаққа бас­тай­тын Елбасымыздың барлық реформасын қолдауға шақырамыз.

Толымбек ҒАБДІЛ-Ә­ШІ­МОВ,­
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­да­йындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» деп аталатын Жол­да­уында елімізді әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосатын басым бағыттар көрсетілген. Осы ретте «Ауыл» партиясы алдағы уақытта Мемлекет басшысы анық­­тап берген осы басым бағыт­тарды жүзеге асыру жолында жұмыс істейтінін жеткізгім келеді. Соның ішінде үшінші бағытта айтылған ауыл шаруашылығын «ақылды технологиялар» арқылы дамыту мәселесі біздің ерекше қызығушылығымызды тудырды. Өйткені Елбасы Жолдауда айт­қандай, аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. «Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсі­руді үйрендік. Оны мақтан тұта­мыз. Алайда қазір ол жеткі­лік­сіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарық­тар­ға жоғары сапалы дайын өнім­мен шығуымыз қажет», – деп Мем­лекет басшысы осы саладағы нақты міндеттерді атап көрсетті. Жолдауда айтылған бұдан басқа да мақсаттар мен межелерді табысты іске асыруға «Ауыл» партиясы қашанда дайын.

Анатолий БАШМАКОВ,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дағы Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі:
– Елбасы Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған басым міндеттер айқындалған. Сондықтан «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауды осыған дейінгі барлық мемлекеттік бағдарламалардың заңды жалғасы деп айтуға толық негізі бар. Ел дамуының бағыт-бағдарын анықтаған құжаттағы міндеттер мерзімінен бұрын орындалады деп сенім білдіремін. Бұл тұрғыда біздің тәжірибеміз мол. Ол үшін ЕХРО – 2017 мамандандырылған халықаралық көрмесін сәтті өткізуімізді айтсақ та жеткілікті.
Жолдаумен толық танысып шықтым. Барлық бағыттың да ел дамуында алар орны ерекше. Соның ішінде өзіме адами капитал жөнінде айтылған жетінші бағыт айрықша әсер етті. Осы бөлімде мәдениет, руханият, идеология мәселелері айтылған. Бұл басым бағыттардың барлығын жүзеге асыру үшін барша қазақстандықтар бірігіп, әрекет етуі керек. Сонда ғана біз – Елбасы айқындаған биіктерді бағындыратын боламыз.

Тәңірберген БЕРДОҢҒАР,
«Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті:
– Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның ақпараттық қоғамының жаңа кезеңіне аяқ басқанын білдіреді. Соның негізінде көптеген дамыған елдерде басымдыққа ие болған цифрлы экономика жасақталады. Бұл қолдауға тұрарлық бастама. Өйткені бүгінде барлық инновация IT-технологиямен тығыз байланысты. Сондықтан да Жолдауда өміріміздегі көптеген саланы цифрландыруға ерекше мән берілген. Қазірдің өзінде елімізде цифрлық революция басталып кетті десек, артық айтқандық емес.
Бүгінде ақпараттық технология азаматтарды біріктіріп, қоғамды шоғырландыратын мүмкіндікке ие. Тіпті әлеуметтік желілерді атом энергиясымен салыстыруға болады. Сол себепті де Елбасы бұл саланы дер кезінде қолға алып, тиімді пайдаланудың тетіктерін ұсынып отыр. Барлық бастама жүзеге асыруға болатын дүниелер. Сондықтан Қазақстанның азаматтық альянсы бұл міндеттерді қолдап қана қоймай, жүзеге асыруға күш жұмсайтын болады.

Салтанат РАХЫМБЕКОВА,
«Жасыл экономика үшін коалициясы және G-Global бастамасын дамыту» ЗТБ Басқарма төрағасы:
– Жолдаудағы Елбасы алдымызға қойған екінші міндет ресурстық әлеуетті одан ары дамытуға бағытталған. Себебі, ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болмақ. Осы тұрғыда Қазақстан – көпке үлгі боларлық мемлекет. Біз ЕХРО – 2017 көрмесін өткізу арқылы барша әлемге «таза» энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсеттік. Бұл бағытты жүзеге асыруда қайта жаңғыратын энергия көздерін жетілдірудің маңызы зор. Елбасы барша қазақстандықтар алдына 2030 жылға қарай Қазақстандағы балама энергия үлесін 30 пайызға жеткізу міндетін қойып отыр. Жолдауда бұдан басқа да басымдықтар айқындалып, нақты міндеттер қойылды. Қазақстандағы «жасыл экономиканы» насихаттап жүрген жетекші ұйым ретінде біз Елбасының барлық бастамасын қолдап, олардың іске асуына мүдделі екенімізді жеткіземіз.

Бөлісу:

3 пікір жазылған

  1. Asel Azamatova 13 Қаңтар, 2018 at 17:16 Жауап

    Жаңа талаптарға сай,Қазақстан жаңа дамуларға деген мақсаттарды қазірден бастап орындауда.Шынымен де, қазіргі таңдағы өзекті әлеу­мет­тік рухани мәселелердің көбіне Елба­сының Жолдауында нақты жа­уап берілген. Бұл Жолдаудың мәні, ерек­шелігі халқымыздың әлеуметтік мәселелерін жетілдіру мен адам капи­та­лын дамыту мәселелерінің терең, мұқият қарастырылуында екені де анық.

  2. Айджана Багым 13 Қаңтар, 2018 at 17:58 Жауап

    Елбасы ұсынған жолдау елді дамытатын негізгі векторларды қамтиды. Олар индустрияны, агроөнеркәсіптік кешені және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды цифрландыру, тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық секторға жаңа технологияларды енгізу болып табылады)

  3. Бегайым 13 Қаңтар, 2018 at 20:58 Жауап

    Елбасымыздың Жолдауы оның ішіндегі қарастырылған мәселелерінің барлығы Қазақ­стан­ның жаңа әлемдегі жетекші елдердің қатарына қосылуы үшін қажет және маңызы зор жаңғырту!!

Пікір жазу


*