Қазақстан мен АҚШ – XXI ғасырдағы экономикалық әріптестік

1148
0
Бөлісу:

2018 жылғы 16 қаңтарда президент Дональд Трамп Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйде қабылдады. Сапар Қазақстан мен АҚШ арасындағы тығыз коммерциялық және сауда байланыстарын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және екі ел экономикасының өсімін арттыруға мүмкіндік береді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы шаралар Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің озық дамыған отыз жаһандық экономикасының қатарына кіруі үшін маңызды екенін атап өтті. Сапар барысында бірқатар коммерциялық келісімшарттар мен құжаттарға, оның ішінде Boeing, GE Transportation, «Эйр Астана», «Қазақстан теміржолы» және «Скат» компанияларының 2,5 миллиард АҚШ долларынан астам көлемде америкалық өнімдер мен қызметтерді сатып алу жөніндегі жаңа келісімдеріне қол қойылды.
Осы экономикалық ынтымақтастық мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:

Өңірлік сауда және экономикалық даму
Үкіметаралық ынтымақтастық. Қазақстан мен АҚШ ДСҰ міндеттемелерін орындау, қазіргі дау-дамайларды шешу, Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту және екіжақты инвестицияларды арттыру жөніндегі ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Екі ел жақында АҚШ пен Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларының сапарларын жеңілдету ар­қылы екіжақты байланыстарды нығайтатын аэронавигациялық келісімге қол қойды.
Өңірлік саудаға жәрдемдесу. Қазақстан мен АҚШ өңірдегі сауданы кеңейтуге ықпал ететін Орталық Азиядағы сауда және инвестициялар жөніндегі негізгі келісімнің (ТИФА) аясында өзара ынтымақтастығын жалғастырып келеді.
• Қазақстан 2017 жылғы 12 желтоқсан­да Алматы қаласында ТИФА-ның Орталық Азия форматындағы кездесуін ұйымдас­тырып, сауда-саттық мәселелерінде көшбас­шылық танытты. Осы кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ сауда және иннова­цияларды ілгерілету мақсатымен Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа өңірлік жұмыс тобын құруға уағдаласты.
• 2017 жылғы қазанда Қазақстан АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агент­тігімен бірлесіп, 15 елден 1100-ден астам ресми өкілдің, кәсіпкерлер мен донор­лардың қатысуымен Алматы қаласында жетінші Орталық Азия сауда форумын өткізді. Бұл 25 миллион АҚШ долларынан асатын қаржы көлеміндегі сауда келісім­дерін жүргізу ниеті туралы меморандумдарға болашақта қол қою мүмкіндігін туғызды.
Екіжақты сауда. 2016 жылы екіжақты сауда көлемі 1,9 миллиард АҚШ долларына жетті. Екі ел сауда қатынастарын одан әрі кеңейтуге ықылас танытты. АҚШ Қа­зақ­стан­­ның азаматтық авиация туралы екі­жақты келісімге қол қою ниетін құптайды. Бұл келісім әуе жолаушыларына қолжетімді, ыңғайлы және тиімді қызмет ұсына оты­рып, экономикалық қатынастарды нығайтады және іскерлік байланыстардың өсуіне ықпал ететін болады.
Коммерциялық әуекемелерімен сауда жасау. Сапар барысында екі көшбасшы АҚШ-та 7,1 мың тікелей және жанама жұмыс орнының ашылуын қолдайтын 1,3 миллиард қаржы көлеміндегі Boeing және Қазақстан әуекомпаниялары арасындағы жекелеген келісімдерді мақұлдады. Атап айтқанда, SCAT компаниясы Boeing-737 MAX 8 моделінің алты ұшағына тапсырыс берді. Алғашқы ұшақтың жеткізілуі 2018 жылғы наурызға жоспарланған. Бұл әуекемелері SCAT компаниясының өңірлік және халықаралық желісін кеңейте отырып, Қазақстан мен Орталық Азияда меншіктегі және қолданыстағы 737 MAX-тың тұңғыш үлгілері болады. Сонымен қатар Қазақстанның «Эйр Астана» ұлттық әуекомпаниясы қолданыстағы келісім­шарттың талаптарына сәйкес үш 787 Dreamliner ұшағын 2021 жылға дейін жеткізу жоспары бойынша сатып алуға ниетті екенін растады.
Теміржолдар. «Дженерал Электрик» (GE) және «Қазақстан теміржолы» (ҚТЖ) компаниялары 3,5 мың жаңа жұмыс орнын қамтитын, құны шамамен 900 миллион АҚШ долларын құрайтын екі жаңа страте­гия­лық бастама жасасты. «Дженерал Элек­трик Транспортейшн» компаниясы «ҚТЖ» үшін 2019 жылдан жеткізіле бас­тайтын 300 тіркемелі локомотив жасап шы­ғарады. Сондай-ақ «Дженерал Электрик Транс­портейшн» 2018 жылдан бастап «ҚТЖ» ком­паниясының қолданысындағы 175 «Дже­нерал Электрик Эво» локомотивіне қызмет көрсету және қолдау мақсатымен қызметін ұсыну туралы 18-жылдық келі­сімге қол қойды. Келісім Астанадағы ҚТЖ-ның негізгі теміржол желісін кеңейтуге арналған.
Ауыл шаруашылығы. АҚШ пен Қа­зақстан ауыл шаруашылығы саласындағы сауда қарым-қатынастарын дамытудың маңыздылығын мойындайды және ынты­мақтастықты, соның ішінде бірлескен ауыл шаруашылығы зерттеулерінің аясындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін мүмкін­діктерді қарастыруды жалғастырады. Бірлескен зерттеу жұмысы екі елге қауіпсіз және кең ауқымды азық-түлікпен қамта­масыз ету үшін табысты жұмыс істеуге көмектеседі.
Ауғанстанның дамуы. АҚШ пен Қа­зақстан саяси қолдау көрсету, өңірлік сауданы ұлғайту және экономикалық даму арқылы Ауғанстандағы тұрақтылық пен дамуды қолдайды. Қазақстан Ауғанстан азаматтары үшін арнайы оқу бағдарлама­сының аяқталғанын жариялады және Қазақстан мекемелерінде осы елдің маман­дарын оқытуды жалғастыруды ұсынды.
Цифрлы инфрақұрылым. GE Digital және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қордың индустриялық компаниялар портфелінің цифрлы дамуын тездетуге бағытталған стратегиялық әріптестік ту­ралы келісімге қол қойды. Келісім Қа­зақстан­да тұрақты цифрлы экожүйені құрудағы компаниялардың жетістігін көрсетеді және Predix платформасына негізделген GE цифрлы айқындамасын бірлесе бағалауды көздейді.
Ғарышты зерттеудегі көшбасшылық. Құрама Штаттар Қазақстанның Халық­аралық ғарыш стансасында жұмыс істейтін америкалық ғарышкерлердің аттан­дыр­ы­лып, аман-есен қайта оралатын бекеті бо­лып саналатынын ризашылықпен атап өтеді. АҚШ Қазақстанға 2018 жылғы
3 наурызда Жапониядағы Ғарышты зерттеу мәселелері жөніндегі 2-ха­лықаралық форумға қатысуды ұсынады. Қазақстан мен АҚШ Халықаралық хартия аясында қоршаған ортаға және табиғатқа төнген қауіп-қатерлерді анықтау үшін ғарыштық техниканы қолдану саласында ынты­мақтасу мүмкіндігін зерттейді. Бұл хартия табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан зардап шеккен елдер үшін ғарыш деректерін қабылдап, таратудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.
Денсаулық сақтау. АҚШ және Қазақстан АҚШ-тың Ауру түрлерін бақылау және алдын алу орталықтарымен (CDC) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтерді дамытады. Сонымен қатар Питтсбург университетінің Медициналық мектебі (UPMC) Назарбаев универ­ситетімен Қазақстан және бүкіл Орталық Азия азаматтарына қызмет көрсететін әлемдік деңгейдегі онкологиялық орталық құру жөнінде ынтымақтастық орнатқан.
Фармацевтика. Pfizer компаниясы Жоғары технологиялық медициналық өнімнің қайталама қаптамасын оқшаулау жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігі жөнінде Қазақстанмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Оң шешім қабылданған жағдайда, бұл жоба Қазақстанда дәрі-дәрмектерді тасымалдап, сақтау үшін тізбекті салқындату жүйелерін жетілдіру шараларын қамтуы мүмкін.

Қазақстан және болашақтың энергиясы
EXPO – 2017 халықаралық көрмесі. Қазақстан «Болашақтың энергиясы» тақы­ры­бы аясында энергетика саласының ин­но­ва­циядағы көшбасшылығын көрсете оты­­рып, Астанада EXPO – 2017 көрмесін өт­­­­кізді. EXPO кешендері «Астана» халық­ара­­­лық қаржы орталығы және Иннова­ция­лық технологиялар паркі үшін берілетін болады.
Стратегиялық энергетикалық диалог. 2017 жылы Құрама Штаттар мен Қазақстан бұрынғы екіжақты энергетикалық әріп­тестікті Стратегиялық энергетикалық диа­лог деңгейіне көтерді. Диалог аясындағы практикалық талқылаулар 2018 жылы басталады. Бұл кеңейтілген формат бейбіт атом өнеркәсібін дамыту, көміртегіні ұстау, сақтау және утилизациялау технологиялары мен энергия тораптарының тұрақтылығы, сондай-ақ ядролық қауіпсіздік пен қаруды таратпау салаларындағы ынтымақтастық­тың негізін қалайды.
Мұнай мен газды экспорттау және ин­вестициялар. «Шеврон» және «Эксон­Мобил» компаниялары Қазақстан нары­ғына 1993 жылы еніп, жаңа тәуелсіз елге инвестиция салған алғашқы ең ірі мұнай кәсіпорындарына айналды.
•«Шеврон» компаниясы «Теңіз» ірі кен орнын игеру жөнінде 40 жыл мерзімді қамтитын маңызды келісімшартқа қол қойды және өткен жылдар ішінде компания мыңдаған жұмыс орнын ашып, энергетика саласына әлемдік деңгейдегі технология­ларды және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізді. Сондай-ақ Қазақстандағы мұнай және газ өндірісіне ондаған миллиард АҚШ долларын салды.
•«Шеврон» компаниясы Қазақстан Республикасының Энергетика министр­лігімен Қазақстандағы табысты жобаларды қаржыландыру үшін 251 миллион АҚШ доллары көлемінде реинвестициялық қорларды пайдалану жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
• Жалпы 20,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған «Эк­сонМобил» компаниясы мұнай мен газды бар­лаумен, игерумен, өндірумен және тасымалдаумен белсенді түрде айналысады.
•«ТеңізШеврОйл» АҚ (ТШО) – «ҚазМұнайГаз», «Шеврон», «ЭксонМобил» және «ЛукАрко» компанияларының қатысуымен ашылған бірлескен кәсіпорын қазақстандық субъектілерге 124 миллиард АҚШ долларынан астам көлемде тікелей қаржылық төлемдер жасады. Бүгінде құны 36,8 миллиард АҚШ доллары көлемін қамтитын өндірісті кеңейту жөніндегі жобаны іске асырады.
• «Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім» (СКБӨБК) аясындағы жоба Қазақстандағы өңірлерде жұмыс орындарын және бизнеске мүмкіндіктер ашатын ірі шетелдік инвестициялық жоба болып саналады. «Қашаған» кен орнындағы «1-кезең» жобасын іске асыру құны 55 миллиард АҚШ долларын құрады. 2004 жылдан бері сатылған тауарлар, жұмыс және қызметтер көлемі 13,3 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады. Жоба ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін болады, ал оның акционерлері, соның ішінде «ЭксонМобил» компаниясы Қазақстан Үкіметіне миллиардтаған АҚШ доллары көлемінде тікелей кіріс кіреді деп жоспарлап отыр.
•«Шеврон» және «ЭксонМобил» ком­па­ниялары «Каспий құбыр консор­циу­мына» (КҚК) қатысу арқылы Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосты. 2017 жылы КҚК мұнай құбырын кеңейту жобасының Қазақстандағы бөлігін аяқ­тады. Бұл оның жалпы өткізу қабілетін күніне 1,4 миллион баррельге дейін ұлғайта алады. Құбырлар жүйесі Қазақстан мұ­найын «Теңіз» және «Қашаған» кен орындарынан экспорттаудың ең тартымды жолы болып саналады.
Атом энергетикасы. Қазақстан және Құрама Штаттар қауіпсіз атом энер­ге­тикасын ілгерілету үшін ынтымақтасуға ниетті.
•2016 жылы 24 мың тонна ядролық отын өндірген Қазақстан жетекші уран жеткізуші болып саналады.
•2017 жылы Қазақстан Құрама Штат­тармен бірлесе отырып, МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) ашты. ТБУБ таза атом энергиясына кө­шетін елдер үшін отынның сенімді көзін ұсынады және байыту технологияларының таралу қаупін азайтады.
Өңірлік энергетикалық жүйені жаң­ғырту. Қазақстан мен Құрама Штаттар Орталық Азияның өңірлік энергетикалық жүйесін қайта біріктіруге, энергетикалық қауіпсіздік­ті арттыруға, экономикалық тұрақтылықты жақсартуға және коммер­циялық инвес­тицияларды қолдауға ар­налған технологиялар мен жобаларды зерделеуге келісті.
«Болашақтың энергиясы» – өңірдің атмосфераға зиянды заттарды аз көлемде шығаратын, климаттық тұрғыдан орнықты экономикаға өтуіне көмектесетін 2015 жылғы Орталық Азияның бес елі мен Америка Құрама Штаттарының әріптестігі (С5+1) туралы бірлескен декларация ая­сындағы өңірлік шара.
«Болашақтың энергиясы» бағдарламасы Қазақстандағы энергетикалық тиімділікті арттыратын, сондай-ақ парниктік газдарды шығаруды азайтудың биік мақсаттарын белгілеп, оларға жету мүмкіндіктерін жақ­сарту үшін қайта қалпына келетін энергия саласындағы жобаларды қолдайды.

Адам капиталын нығайту
Визалық бағдарлама. 2015 жылы Қа­зақстан АҚШ азаматтары үшін визасыз кіру жөніндегі қысқамерзімді бағдар­ламасына бастамашылық жасады, ал Құрама Штаттар Қазақстан азаматтары үшін 10 жылдық іскерлік және туристік визаларды бере бастады. Бұл визалық режимдер инвестиция және туризм үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, екі ел арасындағы байланыстың артуына ықпал етті.
Саяхаттар. Бүгінде Құрама Штаттарда шамамен 26 мың Қазақстан азаматы тұрады. Ал Қазақстанды 5 мыңнан астам АҚШ азаматы мекендейді. Өткен жылы Құрама Штаттар Қазақстан азаматтарына 18 мыңға жуық виза берді, бұл Құрама Штат­тарға көп сапар жасауға мүмкіндік туғызды.
Білім беру. Құрама Штаттар Қазақстан Республикасына үштілді қоғам құру үшін көмектесуге дайын екенін білдірді. Құрама Штаттар Қазақстанда ағылшын тіліне қолжетімділікті жақсарту және ағылшын тілі мұғалімдерінің жаңа буынын даярлау мақсатымен даму бағдарламасын ресурс­тармен қамтамасыз ететін болады. 2017 жылы 2800-ден астам Қазақстан мұғалімдері ағылшын тілінен біліктілігін арттыру жөнінде интернет-семинарларға қатысты.
•2018 жылы америкалық мұғалімдер Қазақстан өңірлерінде ағылшын тілін оқытуды жақсартуға көмектесетін болады.
•«Ағылшын тіліне қолжетімділік жөніндегі микростипендия» бағдарламасы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 480 жас шәкіртке мектептен кейінгі сабақтарға қатысуға және жазғы оқу лагерьлерінде білім алуға көмектесті.
•Құрама Штаттар қазақстандық 230 жур­налистің кәсіби біліктілігін жақ­сартатын «Журналистерге арналған ағыл­шын тілі» бағдарламасын қаржыландырады.
«Болашақ» бағдарламасы. 1993 жылы Қазақстан шет елдерде оқу үшін «Болашақ» президенттік стипендиясы бағдарламасын бастады. Қазақ тілінде «келешек» ұғымын білдіретін «Болашақ» бағдарламасы Қазақстан жастарын әлемнің ең үздік университеттерінде оқытудағы маңызы зор.
•«Болашақ» бағдарламасы – Қазақстан студенттеріне шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу үшін төленетін бүкіл әлемге мойындалған стипендия.
•Құрама Штаттар стипендиаттарды іріктеу процесінде және осы бағдарламаға атсалысатын АҚШ университеттерінің қатарын кеңейтуге көмектесу үшін «Бо­ла­шақ» бағдарламасымен ынтымақтастық орнатқан.
•Осы бағдарлама құрылған 1993 жыл­дан бері 12,5 мыңнан астам қазақстандық студент «Болашақ» стипендиясына ие болды. Олардың 2315 стипендиаты Құрама Штаттарда білім алды. «Болашақ» стипен­диаттары оқуды аяқтаған соң кемінде бес жыл Қазақстанда жұмыс істеуге тиіс. Қазіргі таңда АҚШ-тың жоғары оқу орындарында 358 стипендиат оқиды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*