Елбасы Ресей елшісін қабылдады

841
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқ­та­луына байланысты Ресей Федера­ция­сының елшісі М.Бочарниковпен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев М.Бочарни­ковтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, оның Қазақ­стандағы дипломатиялық қызметіне ри­зашылық білдірді.
– Сіз Ресейдің Қазақстандағы елшісі ретінде 11 жыл қызмет атқардыңыз. Бұл жылдар ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас нығайды. Біз дипломатиялық байланыс­тары­мыздың 25 жылдығын атап өттік. Өңіраралық ынты­мақтастығымыз да­мып, жоғары деңгей­дегі сапарлар мен кез­десулеріміз жиілей түс­ті. Біздің се­ріктестігіміз – мемле­кетаралық қарым-қатынастың жарқын мысалы, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы екі елдің ха­лықара­лық аренада табысты ықпалдас­тық орнатқанын айтты.
– Біз халықаралық деңгейде бір-бірі­мізді қолдаймыз. АҚШ-қа сапарым кезін­де Ресей мен Америка арасындағы қарым-қатынас мәселесіне зор мән бердім, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Михаил Бочарников екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтып, Қазақ­станның жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі белсенді қызметіне тоқталды.
– Қазақстанда 11 жылдан астам ат­қарған қызметім барысында еліңізге деген ризашылық сезімім арта түсті. Қа­зақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуы және бұл органға төрағалық етуі еліңіздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі маңыздылығын көрсетіп отыр, – деді Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі.
Сонымен қатар М.Бочарников екі ел­дің Еуразиялық экономикалық одақ аясын­­­­­­­дағы ынтымақтастығының нәтиже­лері мен алдағы перспективаларын атап өтті.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев М.Бочарниковты «Достық» орденімен марапаттады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*