Нұротандықтардың назарындағы мәселе

547
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің төрағалығымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында партиялық тыңдау өтті.

Шарада партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында об­лыста іске асырылып жатқан және ат­қарылған іс-шаралар туралы облыс­тық ішкі саясат басқармасы басшы­сы­ның орынбасары Дархан Қадралиев, об­лыстық білім басқармасы басшы­сы­ның орынбасары Нұрлан Сабыров, мә­дениет басқармасының басшысы Қа­дырболат Мұсағалиев, жастар сая­са­ты мәселелері басқармасының бөлім бас­шысы Данияр Құлжанов және «Ру­хани жаңғыру» жобалық офисінің ме­неджері Гүлсім Усағалиева баяндама жа­сады.
Аймақта Елбасының «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» мақаласының ая­сында мәде­ниет саласында көптеген іс-шара ат­қарылуда. Мәдениет, ар­хивтер және құ­жаттама басқармасы «Қа­сиетті Қа­зақ­стан» және «Рухани қа­зына», «Қа­зіргі Қазақстанның мә­де­ни жетіс­тік­тері» бағыттары бойынша үй­лестіруші бо­лып белгіленді.
Мәдениет басқармасының басшы­сы Қадырболат Мұсағалиевтың ай­туын­ша, әр бағытты жүзеге асыру үшін бе­рілген тапсырмаларды орындау мақ­са­­тында республикалық жобалық офис­пен келісіп, нысаналы индика­тор­лар белгіленген болатын. Жылдың соңын­да белгіленген барлық индика­торлар орындалды.
– Президенттің «Болашаққа бағ­дар: ру­хани жаңғыру» мақаласы аясын­да өңір бойынша көп­те­ген жұмыстар жүзеге асырылуда. Ту­ған жерге деген кө­мек­терін меце­нат­тар да аямауда, – дей­ді Қадырболат Қаб­дырұлы. – 2017 жыл­дың аяғында «Жо­март жүрек» ме­ценаттар форумы өт­кізілген болатын. Шара аясында об­лысымызда екі жоба таныстырылды. Біріншісі – Жайық қала­шығының құры­лысын ашық аспан ас­тындағы му­зейге айналдыру, екіншісі – Қазақ­станның киелі жерлерінің геог­ра­фия­сын музей ретінде көрсету ұсы­ныл­ған бо­латын. Бұл жобаларға жер­гі­лікті меце­наттар аса қызығушылық та­ны­тып, қолдау көрсету үшін өздері­нің ұсы­ныстарын білдірген болатын. Тағы бір мақтанып айтатын жайт, Орал қа­ласында меценаттардың көмегімен «Рухани жаңғыру» музейі ашылды.
Айта кетейік, Елбасының «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласында ұлттық құндылықтар мен та­ри­хи мұра­ларымызды кеңінен на­си­х­аттауға ар­налған тың жобалар ұсынылғаны белгі­лі. Солардың тиімді жүзеге асуы мен орын­далуы – «Нұр Отан» партиясының ті­келей бақылауында.

Назгүл ҚОЖАНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*