Үшқоңыр үстіртінің қысқы көріністері

2064
0
Бөлісу:

«Қазақстанның сакралды географиясы» бағдарламасы бойынша жүргізіп келе жатқан фотосаяхатымызды Іле Алатауындағы Үшқоңыр жайлауының қысқы көріністеріне арнап отырмыз. 

Үшқоңыр үстірті – Алматы қаласынан оңүстік-батысқа қарай 40  шақырым жерде орналасқан. Фото: screenshot, earth.google.com.

Үшқоңыр ауылынан көрінетін ерекше биіктік – Үшқоңыр үстірті деп аталады. Үстірт теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте жатыр.

Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар
Бабалар тұлпарының дүбiрi бар
Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан
Өнердiң, ақындықтың тұғыры бар

Жол бойында бұлақтар жиі кездеседі.

Ал мынау Үшқоңыр үстіртінің бір көрінісі. Төменде үстіртке апаратын тас жол бар. Бұл жер парапландар мен сноубордшылар үшін таптырмайтын мекен.

Үстірттің бір биігіне көретілгенде алыстағаы Кіші Алматының сілемдерін тамашалауға болады. Ортада биікке қадалып-Нұрсұлтан шыңы (4376 м) көрініп тұр.

Бұл атақты Үшқоңыр таулары. Төменде жатқан Үшқоңыр жайлауы алыстан мен мұңдалап көрінген үш шыңның атауынан құралса керек. Бұл ҚР Тұңғыш Президенті – Н.Назарбаевтың туған өлкесі.

Үшқоңыр шыңы, 4046 м.

Солдан оңға қарай: Айкөлтау (4025 м) және Селтау (40412 м) шыңдары.

Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда
Әкемнiң iзi қалған жайлауыңда
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлi еркелеп
Арқарың жайылатын аймағыңда. «Үшқоңыр» әнінен үзінді

Төменде Шамалған ауылы мен Үшқоңыр жазығы жатыр. 

Шамалған атауы Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы N 28-179 шешімімен Үшқоңыр деп өзгертілген болатын, алайда 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс XIX сессиясы шешімімен ауылдық округ пен ауылға бұрынғы Шамалған атауы қайтарылды. Дерекөз: kk.wikipedia.org

Дайындаған: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*