Шетелдік инвестиция тартуға мән беріледі

1065
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қайрат Әбдірах­манов Мемлекет басшысына Сыртқы істер министрлігінің қазіргі қызметі, сон­дай-ақ алдағы кезеңге арналған жос­парлары жөнінде мәлімдеді.
Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының сам­митіне дайындық барысындағы ұйым­дастырушылық және мазмұндық мәсе­лелерге баса назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тап­сыр­малар тұрғысынан алғанда, сыртқы саясат ведомствосы экономикамыздың басты салаларына шетелдік инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Қазақстан Президенті кездесу соңын­да бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*