Қазақстандық спортшылардың әлсіз тұсы қандай?

827
0
Бөлісу:

Пеңчаң Олимпиадасында 7 спорт түрінен 15 дисциплина бойынша жарыс өтіп жатыр. Еліміздің спортшылары соның төртеуінен бақ сынайды.
Біз қатыспайтын жарыстар – бобслей, шайбалы хоккей және керлинг. Сондай-ақ жекелеген дисциплиналардың кейбірінен отандастарымыз жолдама ала алмады. Газетіміздің өткен санында көпшілікке түсініксіз керлинг туралы сөз қозғаған едік.
Енді кезек сноуборд пен шанаға келіп жеткен сыңайлы.

Сноуборд 

Сноубордингке әлі бір ғасыр толмаған. Сол себепті, бұл спорт түрін жас десек болады. 1960 жылдары америкалық Шерман Поппен есімді азамат ойлап тапқан. Алғашқы сноубордтарды екі шаңғыны жабыстыру арқылы жасаған.
Ол кезде атауын «снерфер» деген екен. Жаңадан пайда болған спорт түрі дереу таныла бастайды. 19 жылдан кейін алғашқы Әлем біріншілігі өтеді. Бүгінде атауы да, түрі де өзгерген. Ең бастысы, Олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына қосылды. Қазақстандық спортшылар жолдама еншілей алмаса да, Шымбұлақ, Табаған секілді спорт кешендерінде ара-тұра жарысқа қатысып тұрады. Демек, спорттың бұл түрі елімізде енді қанат жая бастайды. Сондай жарыстардың бірі – былтырғы өткен Универсиада.

Олимпия ойындарында жарыс бағ­дар­ламасы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бастапқы қалпында қалғаны – хафпайп. Па­раллель алып слалом 1998 жылғы Олим­пиададан кейін алып слаломның орнын бас­ты. 2006 жылы Туринде өткен ойын­дар­да бордеркросс (сноубордкросс) деген түрі қосылды. 2014 жылғы Сочидегі ойындарда слоупстайл және параллель слалом түр­лері­нен жарыс өтті. Биыл қосылған жаңа түрі – биг эйр. Барлық сайыстар ерлер мен әйел­дер арасында өткізіледі.
Сноубордтан көш бастайтын команда – АҚШ. Осы уақытқа дейін берілген 30 ал­тын медальдың үштен бірі, яғни оны осы ел құ­рамасының ен­ші­сі­­не бұйырған. Бұ­дан кейінгі орын­­да 7 ал­тынмен Швей­цария, 3 ал­тынмен Франция елі тұр. Жа­рыстың қазылығын 5 тө­ре­­ші ат­қара­ды. Олардың әр­­қайсысы акробатика, айналым, ұшу амплитудасы, элементтер техникасы мен қонуына байланысты 10 ұпайға дейін бере алады. Жеңімпаз ұпай санына қарай анықталады. Әр елдің атынан 14 спортшы қатыса алады.

Шана спорты

Олимпиадаға ең алғаш қосылған кезі – 1964 жылғы Инсбруктегі ойындар. Бағдарламасы бойынша, әу баста үш дисциплинадан тұрды: бір орындық ерлер шанасы, бір орындық әйелдер шанасы және екі орындық ерлер шанасы. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы ережесі өзгермеген, әйелдер мен ерлер бір жылда бастаған спорт түрі.

Мұндай тұрақтылық Олимпиада бағдарламасында бола бермейді. Тек 2014 жылы Сочидегі ойындарда командалық эстафета қосылды. Ол жерде ерлер де, әйелдер де бір-бірінің ізін жалғай жөнеледі. Жеңіп алған жүлделер саны бойынша Германия, ГФР және ГДР құрамалары алда тұр. Олардың еншісінде жалпы саны 108 медальдың 65-і бар. Сонымен бірге, Австрия мен Италия спортшылары да шанамен сырғанауда алдарына жан салмайды. Ережесі бойынша, қатысушылар арнайы трассамен сырғанап, ең жылдам жеткені жеңімпаз атанады. Бұл жерде шананың салмағынан бөлек, спортшының салмағы, экипировкасына да баса мән беріледі. Барлығы бір уақытта бастауы тиіс. Ең маңыздысы – мәреге шанасыз жеткендердің нәтижесі жоққа шығарылады. Шанамен сырғанайтын тағы бобслей, скелетон сынды түрлері бар. Алғашқысының шығу тари­хы ерекше. Ағылшын турист Уилсон Смит 1888 жы­лы екі шана мен тақтайды біріктіріп, Санкт-Мо­рицадан Челерин коммунасына сырғып жетеді. ХХ ғасырдың соңында алғашқы бобслей клубы ашылып, ережелері анықталған. Скелетон болса, алғаш рет 1928 жылғы Олимпиадада өткізілген. Бірақ одан кейінгі екі бас бәйгеде жарыс бол­ған жоқ. Ақ олимпиадаға оралған кезі – 20 жылдан кейін, 1948 жылы. Бұлай болу себебі, скелетонға ар­налған арнайы трасса тек Санкт-Морицада бар болатын. Осыдан соң қайта үзіліс алып, 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде қайта жанданады. Әйелдер арасында жарыс өткізген жыл да осыдан бастау
ал­ған.

Жарыс кестесі

17 АҚПАН, СЕНБІ
• 07:00 Мәнерлеп сырғанау. Еркін бағдарлама (ерлер)
• 08:00 Тау шаңғысы. Супергигант (әйелдер)
• 15:30 Шаңғы жарысы. Эстафета (әйелдер)
• 16:00 Шорт-трек. 1500 метр (әйелдер)
• 16:44 Шорт-трек. 1000 метр (ерлер)
• 17:00 Фристайл. Акробатика. Іріктеу кезеңі (ерлер)
• 17:15 Биатлон. Масс-старт (ерлер)
• 18:30, 19:30 Трамплиннен секіру. Үлкен трамплин (ерлер)

18 АҚПАН, ЖЕКСЕНБІ
• 07:15, 10:45 Тау шаңғысы. Алып слалом (ерлер)
• 12:15 Шаңғы жарысы. Эстафета (ерлер)
• 17:00 Фристайл. Акробатика. Финал (ерлер)
• 17:15 Биатлон. Масс-старт (ерлер)
• 17:56 Конькимен жүгіру. 500 метр (әйелдер)

19 АҚПАН, ДҮЙСЕНБІ
• 17:53 Конькимен жүгіру. 500 метр (әйелдер)

20 АҚПАН, СЕЙСЕНБІ
• 16:00 Шорт-трек. 1000 метр (әйелдер)
• 16:45 Шорт-трек. 500 метр (ерлер)
• 17:15 Биатлон. Аралас эстафета

21 АҚПАН, СӘРСЕНБІ
• 07:00 Мәнерлеп сырғанау. Қысқа бағдарлама (әйелдер)
• 08:00 Тау шаңғысы. Даунхилл (әйелдер)
• 14:00, 14:44 Шаңғы жарысы. Топтық спринт. Іріктеу,
• 16:00, 16:30 Финал (әйелдер, ерлер)

22 АҚПАН, БЕЙСЕНБІ
• 07:15, 10:45 Тау шаңғысы жарысы. Слалом (ерлер)
• 16:00 Шорт-трек. 500 метр. Финал (ерлер)
• 16:14 Шорт-трек. 1000 метр. Финал (әйелдер)

23 АҚПАН, ЖҰМА
• 07:00 Мәнерлеп сырғанау. Еркін бағдарлама (әйелдер)
• 08:00, 11:30 Тау шаңғысы жарысы. Суперкомбинация (әйелдер)
• 16:00 Конькимен жүгіру. 1000 метр (ерлер)
• 17:15 Биатлон. Эстафета (ерлер)

24 АҚПАН, СЕНБІ
• 11:00 Шаңғы жарысы. Масс-старт 50 шақырым (ерлер)
• 17:00, 17:45 Конькимен жүгіру. Масс-старт (әйелдер, ерлер)

25 АҚПАН, ЖЕКСЕНБІ
• 12:00 Шаңғы жарысы. Масс-старт 30 шақырым (әйелдер) 17:00
• Жабылу салтанаты

Дайындаған Жадыра АҚҚАЙЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз