ҚАЗАҚСТАН БОЛГАРИЯ ЖӘНЕ  ВЕНГРИЯМЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

647
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 2018 жылдың 26 наурыз күні Болгариямен жолдастық матч өткізеді. Ойын Венгрияның Фельчут қаласындағы «Панчо Арена» стадионында өтеді. Матч жергілікті уақытпен 18:00-де басталады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Болгария құрамасы ФИФА рейтингінде 42-орында тұр. Команданы белгілі болгариялық маман Петар Хубчев жаттықтырады.  Қарсыластың құрамында Ивелин Попов («Спартак», Мәскеу, Ресей), Георгий Миланов (ЦСКА, Мәскеу, Ресей) Николай Бодуров (ЦСКА, София), Александр Тонев («Кротоне», Италия) сынды тәжірибелі ойыншылар бар.

2013 жылы екі құрама Алматыда жолдастық кездесу өткізген болатын. Сол ойында Болгария 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасынан гол соққан футболшы – Димитрий Шомко.

Еске сала кетейік, 23 наурызда Қазақстан құрамасы Будапештте Венгриямен ойнайды.
Еркін ҚАЛДАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*