Хоккейден ел чемпионатының кезекті ойындары өтті

435
0
Бөлісу:

Алматыда Halyk Arena мұз айдынында ерлер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің кезекті ойындары өтті. 

«Алматы» xоккей клубы ел чемпионатында өз алаңындағы соңғы кездесулерін  өткізді. Сергей Невструев шәкірттерінің қарсыластары Рудный қаласының командасы «Горняк» болды. Бірінші кездесу қонақтардың еншісінде кетті. Алматылық ұжымнан Михаил Назаров, Андрей Огородников, Никита Самойловтың көзге түссе, «горняктар» Андрей Волгин, Никита Титов (дубль), Владимир Боровков және Юлиан Попович соққан шайбалармен есе қайтарды.

Екінші күні өткен ойында алаң қожайындары есе қайтаруға қауқарлы болғанымен, тағы бір мәрте сүрінді. Есепті бұл жолы «Горняк» ойыншылары ашты. Александр Репкин дөп көздеген шайба қақпадан дәл табылды, артынша Степан Филонов, Дмитрий Демьянов, Владимир Боровковлар таблодағы көрсеткішті 5-ке жеткізді, ал алматылықтар тек екі шайбамен есе қайтара алды, олар Евгений Махунин мен Максим Рыбалко болды. Осылайша матч «Горняк» командасының пайдасына 5:2 болып аяқталды.

– Ойын өте жақсы болды. Бізге Алматыда ойнау әрқашанда қиын, себебі команда ойыншылары өте жақсы. Бірақ бүгін біз жеңіске қол жеткіздік. Алда енді бір ойыннан кейін, «Плей-офф»-тың кездесулері басталады. Сонда жақсылап өнер көрсетсек дейімз, – деп «Горняк» командасының ойыншысы Дмитрий Тихонов өз ойын білдірді.

Айта кетер жайт,қазіргі таңда турнир кестесінде «Горняк» хоккей клубы 8 орынға жайғасып, «Плей-офф»-қа жолдама алды. Ал Сергей Невструев шәкірттері үшінші орында. Бірінші және екінші орында «Номад» пен «Арлан» команадалары тұр.

 

Әзірлеген: Т. Төлегентегі

Бөлісу:

Пікір жазу


*