Жұмыла жұмыс істейік

707
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «Партияны жаңғыртудағы бастауыш партия ұйымдарының рөлі» тақырыбында жиналыс өткізді.

Шараға аумақтық филиал төраға­ла­рының бірінші орынбасарлары мен бас­тауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Жиналыстың модераторы «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев Елбасының биылғы жыл­дың қаңтар айында өткен кеңейтілген Сая­си кеңесте берген партияның жұмысын жаң­ғырту жөніндегі тапсырмаларына орай ұйым­дастырылған шараның мақсаты тура­лы баяндады. Сонымен қатар Нұри Тумы­шев аймақта құрамында 28 мыңға жуық мүшесі бар 161 бастауыш партия ұйымының жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Жиын барысында Елбасының «Тәуел­сіздік дәуірі» атты жаңа кітабының тұсау­ке­сері өтті. Партия ардагері, Қазақстан Жазу­шылар одағының мүшесі Есберген Іңір­байұлы еліміздің тәуелсіздік жыл­да­рын­дағы жетістіктері баяндалған кітапты та­ныстырып, Елбасының дамудың «қазақ­станд­ық моделі» жөніндегі ой-пікірлерін жет­кізді. Осыған орай, «Нұр Отан» партия­сы Маңғыстау облыстық филиалы төраға­сы­ның орынбасары Звира Есбергенова Ел­басы кітабының тұсаукесерін барлық бас­тауыш партия ұйымдарында өткізу ту­ра­лы ұсыныс жасады.
Жиналыс барысында «Нұр Отан» пар­тиясы Ақтау қалалық филиалына қарасты «Маңғыстаумұнайгаз» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғани Әбдісадық 2017 жылы атқарған жұмыстары жайында баян­дады. Ол жақында Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевпен өткен кез­десуге қатысқан болатын. Сол кездесуде айтылған партияны жаңғырту жөніндегі ұсыныстар туралы хабарлады.
– «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бі­рінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пар­тияның құндылықтар мен жаңғыру идея­сының жаршысы болуы тиіс екендігін атап өтті, – деді Ғани Әбдісадық.
Жиналысқа қатысқан «Рухани жаң­ғыру» өңірлік жобалық офисінің менеджері Жайнаш Станбекова тарихи-мәдени, ұлт­тық құндылықтарды насихаттау мақсатын­да қолға алынған жұмыстар жайындағы баяндамасында тарихи ескерткіштерді бү­кіләлемдік мұралар тізіміне енгізу
жұ­мыс­тары басталып кеткендігін айтты.
Ш.Есенов атындағы КМТИУ педагоги­ка факультетінің деканы Бибатпа Көшімова Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік ре­волюция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Жолдауындағы адами капи­тал сапасын көтеру міндеттеріне орай уни­вер­ситет базасында тілдер орталығы, ғылы­ми зерттеу институты ашылатындығын жет­кізді.
Сонымен қатар жиналыста зейнетақы ре­фор­масы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, дін мәселелері талқыланды. Жи­налыс қорытындысында бастауыш партия ұйым­дарының өкілдері қоғам өміріндегі осын­дай маңызды мәселелерге үлес қоса­тындықтарын жеткізді.

Зәмзагүл НАЗАР

Бөлісу:

Пікір жазу


*