Ауылға баспахана керек

541
0
Бөлісу:

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің мәжіліс залында «Нұр Отан – жастарға» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Басқосуға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ролан Әлжанов, «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы, Созақ аудандық «Жас­тар ресурстық орталығы» КММ директоры Серік Маманов, аудан әкімдігінің ішкі сая­сат, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшысы Ернар Сағындық, Алмат Алтыбай және «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мү­шелері мен аудан жастары қатысты.
Жиында сөз алған Ролан Әлжанов бү­гінде «Нұр Отан» партиясының жұмысын же­тілдіру бойынша тиісті жұмыстардың бас­талғанын, жаңғыру аясында жастар қа­на­тының қызметін де жаңа бастамалармен толықтыру қажет екенін атап өтті. Ал кә­сіп­керлік бөлімінің басшысы А.Алтыбай өз ісін бастауға ниетті жастарға мемлекет та­рапынан қолға алынған көптеген бағ­дарламалардың бар екенін тілге тиек етті. «Жылдық үстемесі 6 пайыз болатын несие­лер алуға болады. Ауданымызда кәсіби бас­пахана жетіспейді, көптеген мекемелер баспахана жұмыстары үшін облыс орта­лы­ғы­на сабылып жүр. Сонымен қатар бізде автоэлектриктер жоқтың қасы. Осы орай­да, жастарды осындай жаңа идеялармен кәсіпке келуге шақырған болар едім. Бұдан бөлек кәсіпкерлік жобаларға грант­тар бө­лініп тұратынын да еске салғым келеді. Ол дегеніміз – жобаңызды жүзеге асыруға бе­рілетін қайтарымсыз қаражат. Бұл ба­ғ­дар­ламаға да тың жобаларды ұсынуға бола­ды» деді ол.
Сондай-ақ басқосу барысында «Жастар ре­сурстық орталығы» КММ-нің дирек­торы Серік Маманов ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Ал­дағы уақытта да жастарды кәсіпкерлікпен ай­налысуға тарту бағытында тиісті жұмыс­тар­дың жүргізілетіндігін атап өтті.
Жиында шалғай ауылдардан келген жас­тар өздерін толғандырып жүрген сауал­дарға тұшымды жауап алды.
Е.Мұратбек,
Оңтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*