Арыз аяқсыз қалмайды

404
0
Бөлісу:

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының прокуроры Жамбыл Сматовтың және құзырлы органдардың қатысуымен азаматтарды қабылдау шарасы өтті.

Қабылдауға 20-ға жуық адам жазылды. Айтылған мәселелердің негізі – сот ше­шім­дерімен келіспеу, сот актілерінің орын­далмауы, еңбек құқығының бұзылуы және та­ғы басқа. Мәселен, Айжан Жамиханова өз­деріне тиесілі жерді Астана қаласының Тұр­ғын үй басқармасы тартып алғанын, со­ған байланысты ақшалай жәрдемақы да тө­ленбей отырғаны және «Квартирное бю­ро» АҚ-тың сот актісінің орындалмай жат­­­­қанына шағымданды. Қабылдауға қа­тысушылар Айжан Жамиханованың ісі Жыл­жымайтын мүлік орталығына жіберіл­ге­нін және сонда істің анық-қанығы зерт­теліп жатқанын айтты. Жақын күндері аза­матшаны заңгерлер қабылдауына ша­қы­­ратындарын жеткізді.
Диас Мәукенов «Сарыарқа» аудандық Іш­кі істер департаменті қызметкерлерінің жұмы­сына шағымданды. Олардың көлік ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізбей, еш әрекетсіз отырған­да­рын айтып, көмек сұрады. Прокурор Жам­был Сматов қолданыстағы заң аясында тү­сіндірулер беріп, өтінішін қарауға алды.
Қабылдау барысында азаматтарға ең­бек, қылмыстық, азаматтық және өзге де мә­селелер бойынша білікті заңнамалық кө­мек­тер көрсетілді. Сондай-ақ азаматтар­дың толғандырған сұрақтарына нақты жауап­тар мен кеңестер берілді.
Жалпы, 2017 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының республикалық қо­ғам­дық қабылдау бөлмесінде Астана қала­сы «Сарыарқа», «Есіл», «Алматы» ауданы про­курорларының және құзырлы органдар өкіл­дерінің қатысуымен тұрақты түрде қа­былдаудың жаңа жұмыс формасы ретінде ен­гізілген болатын. Өзара бірігіп атқарған жұ­мыстың нәтижесінде, өткен жылы 200-ден астам адам қабылданып, оның 40 пайыз­дан астамының мәселелері оң шеші­мін тапты. 3 миллион 651 мың теңге көле­мін­де 31 жұмысшының еңбек ақыларын өн­діруге көмек көрсетілді. Сонымен қатар шарт­тық міндеттемелер бойынша азамат­тар­ға 4 миллион теңге көлемінде қайтарып алуға жәрдем көрсетті. Сондай-ақ азамат­тар­дың тұрғын үй қатынастары, кәсіпкерлік қыз­мет, атқару өндірісі және соның ішінде али­мент өндіру мәселелері бойынша құ­қық­тары қалпына келтірілді.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*