Спорт секциялары жетіспейді

226
0
Бөлісу:
Нұр Отан логотип

Астанадағы №83 мектеп-гимназияда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі және «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» атты І балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті.
Фестивальге дені сау балалармен қа­тар, ДЦП, Spina bifida, Даун синд­ро­мы, аутизм спектрі бұзыл­ған, есту қа­бі­леті нашар, кохлеарлы имплантант­та­ры бар және көру қабілеті нашар балалар да қатысты.
Шараның ашылуында сөз алған «Нұр Отан» пар­тиясының хатшысы Фар­хад Қуанғанов балаларға ерек­ше мейі­рімін төгіп, оларды осы фестивальге дайын­дап әкелген ата-аналар мен ұйым­дастыру­шы­ларға алғысын білдіріп, ба­лаға біліммен қатар, тәр­бие беру, оның эмоцианалдық интеллектін да­мыту маңыз­ды екенін атап өтті.
Мәні мен маңызы зор фестивальге қа­тысқан әр ба­ланың болашаққа деген сенім-үміттері жар­қыра­ған жанарлары­нан білініп тұрды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың спорт­пен ай­налысуына жағдай жасау, олар­ды мүсіркеп, кемсітіп қа­раудан қорғау, қоғамда қалыптасқан стереотип­тер­ді бұзу мақсатында ұйымдастырылған спорттық сайыс­қа 70-тен астам бала қатысты.
Бұл шарада сырқаты барлар мен дені сау ба­лалардың арасындағы бөгет бұ­зылып, олардың спорт­пен тең дәрежеде айна­лысу құқықтары жүзеге асы­рыл­ған­дай болды. Бочча, бейімделген жүзу, па­ра­каратэ, паратаэквондо, хореог­ра­фия сияқты инклюзивті спорт секция­ла­рының оқушылары спорт­тағы өз же­тістіктерін бір алаңда көрсетті. Мұн­дай спорт балаларға жігер беріп, қуаныш сый­ламақ.
«Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бір­л­естігінің төрайымы Нұргүл Ұл­же­кова аталған фестивальді ұйым­дас­тыру­дағы мақсат мүмкіндігі шектеулі бала­лар­ға арналған спорттық секция мен ұйы­мдарды кө­бі­рек ашуға үн тастап, Үкі­меттің назарын аудару еке­­нін айта­ды. Себебі, мұндай секциялар әлі де жет­­кіліксіз. Мәселен, аталған ұйымдағы балалар са­­ны 120-дан асып тұр десек, секцияға қатысуға 60-қа жуық бала ғана мүмкіндік алып отыр. Яғни, қал­­ға­ны кезек күтуде.
– Балаларға арналған спорт сек­ция­ларын ашуды бір жыл уақыт бұрын бас­тап кет­тік. Оның ішінде: Ас­танадағы екі Оқушылар сарайында, Аула клу­бында, №83 мектеп-гимназияда аш­тық. Барлығы – паракаратэ, паратаэквондо, хо­реография, суда жүзу сияқты 6 секция бар. Оған қатысатын балалардың диаг­ноздары әртүрлі. Осы ар­қылы оларды әлеу­мет­тік ортаға қосып, қоғам­да өмір сүруіне бейімдегіміз ке­леді, – дейді Нұргүл Ұлжекова.
Фестиваль аясында голболдан (көзі көрмей­тін­дер­дің футболы) Street Workout бойынша ҚР бас тре­нері – Айтым Жақыпов екі шеберлік сыныбын өт­к­із­ді. Бұл шара – жүрекке жан жылуын сыйлаған­мен бірдей болды.

 

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*