Кәсіпкердің жолын кім кесті?

446
0
Бөлісу:
кәсіподақ

«Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Еліміздегі барлық кәсіпкердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында өткізген қабылдауда келгендердің мәселелеріне құлақ асып, көмек қолын созды.
Мәселен, Алматыдан бейне­кон­фе­ренция­лық бай­ланыс арқылы шыққан «Ваш домо­фон» ЖШС-ның өкілі Ер­бол Ру­селбаев «Қа­зақтелеком» АҚ еліміздің мо­но­полияға қар­­сы заңын бұзып отырғанды­ғы­на ша­ғымданды. Оның айтуын­ша, ком­па­ния бейнебақылау жүргізу қызметін ұсы­на­ды. Яғни, подъездердің қауіпсіздігі үшін көп­қабатты үйлерге камера орнатумен ай­налысады. «Енді біздің нысандарда «Қа­зақте­леком» АҚ тұрғындардың келісімінсіз өз каме­ра­ларын орната бастады. Тіпті, біз орнатқан камераларды алып тастауға дейін барды, бұл туралы бізге тұрғындар хабарлады. Атал­ған орынға барғанымызда «Қазақ­те­ле­ком» АҚ жұмыс­кер­лері кері қайтқандарымен, кейін де бұл жұмысын жалғас­тыра берді. Ал Тұр­ғын үй заңнамасына сәйкес, қандай да бір қыз­метін ұсынатын компания мұндай мәселелерді тұрғын­дар­дың жиналысында ше­шуі тиіс», – дейді Ербол Руселбаев.
Бас прокуратура мен ІІМ «Қа­зақтелеком» АҚ-ның «Ұрлыққа жол жоқ» деген жо­ба ұсын­ғанын анықтады. Қазір сол жо­баға сәй­кес, ка­мералар орнатуды бастап кеткен екен. Осы­ған орай, «Ваш домофон» ЖШС наразы­лық танытып, тиісті инстан­ция­­ларға ұжым­дық хат жазған. Себебі, бұл әрекетті нарықты жау­лаумен теңестіреді.
Осы мәселеге қатысты Абылай Мырзах­метов шағын кә­сіп­кердің құқығын қорғау мақсатында ертеңгі күні-ақ «Қа­зақ­телеком» АҚ-ның, сондай-ақ, «Қазақтелекомның» рес­пуб­ликалық деңгейдегі монополист екен­дігіне байланысты Ұлттық экономика ми­нистрлігінің табиғи монополияларды рет­теу және бәсекелестікті қорғау комитеті басшыларына шы­ғатынын жеткізді. «Екін­шіден, бұл мәселені заңдық тұрғы­дан қарас­тыратын боламыз. Себебі, «Қазақтелеком» мо­нополист бола тұра, шағын және орта бизнес нарығына қыс­­ты­рылмауы тиіс. Бел­гілі бір шектеулер болуы керек. Теле­ком­муникация желісінің операторына, яғни ма­гистральді желі­мен қамтамасыз ету міндеті жүк­телген «Қазақтелекомға» қыз­метін кеңейтудің не қажеті бар? Сондықтан мұндай мо­нополистердің ШОБ айналысатын іске қол сұғуына заңды түр­де шектеу қоюды қарас­тырамыз», – деді Абылай Иса­бекұлы.
«Азия Трафо» ЖШС өкілдері Еркебұлан Ілья­сов пен Ер­нар Жақашев ОҚО-дағы «Тассай» индустриялдық аймақ ау­мағындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша мәсе­лелер туын­дап жатқанын және оған аймақ­тық әкімдіктің әрекет­сіз­дік танытып отырға­нын айтып келді. Оған қатысты Абылай Мыр­­захметов мәселені қолға алатынын жет­кізді.
Қабылдауға барлығы 15-ке жуық адам жазылды. Бірі киіз жа­сайт­ын өндірістік цех ашу бойынша көмек сұраса, енді бірі орын­ды жалға алу төлемді азайтуға септесуін қа­ла­ды. Барлық мә­селе қолданыстағы заң­дар аясында қаралатын болды.

Нұрай РАХЫМ

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз