Сайлау жеңімпаздары анықталды

497
0
Бөлісу:

«Жас Отанның» Орталық кеңесінің мүшелігіне үміткерлерді сайлау аяқталды. Жастар ұйымы алғаш рет кеңестің 16 мүшесін онлайн дауыс беру арқылы таңдады. Бұл да Цифрлы Қазақстанға көшуге бір қадам жақындауымызды айғақтайды.
Жеңімпаздар қатарында Ninety One то­бының солисті Дулат Мұхаметқалиев пен қайырымдылықпен айналысатын қара­ған­дылық Нияз Сүндетәлиев те бар. Бір ай­ға созылған сайлау «Нұр Отан» партиясының жас­тар қанатында ғана емес, жалпы мем­ле­кеттік жастар саясатында, үлкен сіл­кініс тудырды.
Сайлау 3 кезең бойынша өткен. Бірінші ке­зеңде 383 қатысушы google формасы бойын­ша тіркеліп, өздерінің эсселерін жол­даған. Екінші кезеңде қатысушылар instagram желісінде сайлауға қатысып жат­қаны туралы бейнеүндеу жариялап, 5 мың лүпіл немесе 500 қол жинауы тиіс болды. Атал­ған кезеңдерден үшінші кезеңге өт­кендер арасында телеграмм мессенджері ар­қылы дауыс беру жүргізілген. Сайлау нә­тижесіне келсек, республика бойынша 363 жас жетекшілер сайлауға қатысуға ниет біл­дірген, #jasotansailau хэштегі 1 458 рет қол­данылды, қатысушылардың видеоүн­деуі­не жалпы 100 000-нан астам адам лүпіл басты, телеграммда дауыс берген 38 857 адам­ның 14 467-сі – «Жас Отан» құра­мын­да. Қазір «Жас Отанның» ресми телеграмм кана­лын 9 мыңнан астам қолданушы оқи­ды, осылайша, ұйымдар арасында Қа­зақ­стан да ең көп оқырманы бар каналдар қа­тарына қосылды.
Сайланған кеңес мүшелері наурыз айын­да өтетін «Жас Отанның» IV съезінде бас қосады. Сол 16 үміткер съездің ше­ші­мі­мен Орталық кеңестің мүшесі бо­лып қа­был­данбақ және кеңес жұмысының бо­лашақ жос­пары мен қызметімен таны­сады.
Сайлау нәтижелерін «Жас Отан» Жас­тар қанатының төрағасы Данияр Сүн­дет­баев:
– Орталық кеңес демократиялық жол­мен сайланды. Жастардың барлық кате­го­рия­сы қамтылды. Көшбасшыларды 16 ай­мақ бойынша жастар өздері анықтады. Соңғы кезеңге жеткен қатысушылардың барлығы өз аймақтарында беделді, жастар арасында құрметке ие, елі үшін аянбай еңбек етуге дайын қыз-жігіттер. Қатысу­шы­лардың барлығына өздеріне артылатын ауыр жүкті көтеруге дайындықтары мен жас­тар саясатында көрсеткен белсен­діліктері үшін алғыс айтамын. Әрине, тех­никалық қосымшалардың көмегімен дауыс санын өзгертуге тырысқан үміткерлер бол­ды, оларды дер кезінде анықтадық. Сай­лаудың ашық әрі әділ болғанын се­німмен айта аламын. Біз кез келген жастың ұсынысын тыңдап, бірге жұмыс істеуге дайынбыз, – деп атап өтті.

 

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*