Мәулен ӘШІМБАЕВ: Қазақ тілі жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басты

1033
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына енгізілген өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жаңа нұсқа халықтың ой елегінен өткен, бар­лық пікірлер ескеріліп, нақты дәйек­тер­ге сүйенген стратегиялық шешім.
– Елбасы Жарлығына енгізілген өз­ге­рістер қазақ тілін халықаралық дең­гей­ге жақындататын, ұлттық фонети­ка­мыз­дың аясын кеңейтетін, сол арқылы қазақ қа­ріптерін әлемнің әр түкпірінде танып, білу­ге мүмкіндік беретін негізгі тетік деп есеп­теймін, – деді «Нұр Отан» партиясы Тө­рағасының Бірінші орынбасары.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев жазу-сызу тілдің ең нәзік салаларының бі­рі екенін айтты. Сондықтан бұл мәселе бү­кілхалықтық талқылауға ұсынылып, са­лиқалы ой, салмақты пікірлермен бір­ге, сыни көзқарастар да айтылғаны бел­гі­л­і. Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясы Тө­рағасының Бірінші орынбасары:
– Халықтың аталған мәселеге қызу пі­кір білдіріп, өз ойларын еркін айтуы – көңіл қуантарлық жағдай. Бұл – халық­тың саяси, әлеуметтік деңгейі мен жауап­кер­шілігінің артқанын көрсететін құ­­­былыс. Сол себепті, бүгінгі нұсқаны қо­ғам­ның талап-тілектері мен пікір­лері­нің нәтижесі деп білемін, – деді.
Енгізілген соңғы өзгерістердің нәти­же­сінде қазақ әліпбиі бұрынғыдан да қо­лайлы әрі тиімді бола түспек. Мәулен Сағатұлының сөзіне қарағанда, жаңа нұс­қа ақпараттық технологияға бейім­дел­ген, инновация талаптарына сай жә­не әлемдік тәжірибеде кеңінен қол­да­ны­ла­ды. Мәселен, португал, француз, чех тіл­дерінде диакритикалық таңбалар бар.
Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Тө­ра­ғасының Бірінші орынбасары бүгінде елі­мізде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаң­ғыру үдерісінде тіліміздің де жаңа бе­леске көтерілуі кемел келешектің кө­рі­нісі екенін атап өтті.
– Латын әліпбиі ең алдымен, халқы­мыз­дың бәсекеге қабілеттілігін артты­рып, прагматикалық сананың орнығуы­на даңғыл жол ашады. Цифрлық тех­но­ло­гия­ның еркін енуіне, инновацияға бейім­делуге, білімнің салтанат құруына үл­кен үлес қосады. Бұл игі бастама ұлт­тық бірегейлікті сақтап, санамызға тың сер­пін беретіні сөзсіз, – деді Мәулен Әшім­баев.


Нұрмахан ЖОЛДАСОВ,
«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Қазақ тілінің халықаралық деңгейге шығуына жол ашылды

Жаңа латын әліпбиінің қолданысқа ен­гені – қуантар­лық жағдай. Себебі, еліміздің өр­кендеп өсіп, алдыңғы қа­тар­лы дамыған елдердің қатарына қосылуына зор мүм­кіндік туғыза­ды. Ана тіліміз – қазақ халқының мәдени өсуін, ғы­лы­мы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көр­сететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құрал.
Бұл нұсқа басқа ұлт өкілдерімен қатар, шет елден келген қонақ­тардың жалпы қазақ елі жайлы танып білуіне, оқи алуына да ыңғайлы. Себебі, жазу – белгілі бір әріптердің жиын­тығы ғана емес, ұлттың өзін­дік болмысын танытатын таңбалар жүйесі. Сол елдің та­рихы мен мәдениетінің, ұлттық салт-дәстүрінің негізгі құралы.
Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Біз­дің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауыз­бен сөйлесуден артық дәрежеге жет­кен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да ар­тық», – деген бола­тын.
Қазіргі таңда бүкіл дүниежүзілік жаңалықтар бұқаралық ақпараттық құралдарымен жә­не әлеуметтік желі арқылы тарайтыны айдан анық. Әліпби әрбір елдің саяси, мәдени, әлеу­меттік және экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші іспеттес. Сондықтан латын әліп­биінің бұл нұсқасы бүкіл қазақ халқына және еліміздің жаһандануына зор мүмкіндік аша­ды. Сондай-ақ латын әліпбиінің жаңа нұсқасы біздің қолданыстағы технологияға өте ыңғайлы жасалған. Бұл дегеніміз – жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын гра­фи­касымен жазуға мүмкіндік береді. Қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады.


Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ШЕШІМ

Әлемдік тәжірибе бойын­­ша өр­ке­­­ниетке, мә­дениетке және ғы­лым­­ға бет алған кез келген мемлекет ең ал­дымен тілдің дамуына ерек­ше көңіл бөледі. Осыған орай Елбасы­мыз Тәуелсіздік алған күннен бастап қа­зақ тілінің мәртебесін көтеруге ерекше назар ау­да­рып келеді.
Мемлекет басшысы 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясы қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында: «Мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің по­зициясын нығайту бағытындағы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру қажеттігін айтты. Ал өткен жылғы «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында: 2025 жылға дейін қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұ­мыстарын жүргізу керектігін тапсырды. Елбасы бұл қадамға бала­лары­мыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бас­тысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызатындықтан барып отыр­ғанымызды атап өткен болатын. Міне, қазақ жазуының латын қарпіне көшу жобасы бүкілхалықтық талқылаудан соң, жаңғырудың жаңа сатысына шығып отыр.
Әрине, бұл өзгерістердің алдыңғы нұсқаларға қарағанда тиімді екені көрініп тұр. Себебі, бұған дейінгі талқылаулар барысында көп­шілік апострофты қолданудың тиімсіз тұстарын жиі айтқан бо­латын. Бірнеше әріптер диграф түрінде жазылып отыр. Бұл орайда әліп­бидің жаңа нұсқасына қарап отырып, жұмысшы топтың тех­никалық тұр­ғыда ІТ мамандармен жұмыс істегенін, ең бастысы Мемлекет бас­шысының стратегиялық шешім қабылдарда халықтың пікірін ес­кергендігін анық байқауға болады.
Тарихқа көз жүгіртсек, латын әліпбиін Алаш қайрат­керлері де жазу-сызуда қолданды. Сондықтан бұл бізге таңсық дүние емес, елі­міздің мәртебесін күшейту жолын­дағы нақты қадам екенін ха­лыққа жеткізуіміз керек.


Зарина ЦОЛОЕВА,
бокстан Азия чемпионы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Латынға көшу – заман талабы

Біз, Қазақстан халқы, та­рихи ше­­шімнің куәгері бол­дық. Прези­ден­т Н.Назарбаевтың Жар­лы­ғы­мен ла­тын әліпбиінің нұс­­қа­сына өз­­­ге­ріс енгізілді. Осы Жарлықта ұсы­­­ныл­ған ла­тын жазуының нұс­қа­­сы қа­зақ тілінің барлық специ­фи­­калық әріп­терінің дыбысын сақтай оты­рып, диак­ритикалық бел­гілері бар әріптерді пайдалануды қарас­тырады. Мен жастар өкі­лі ретінде латын графикасының осы нұсқасын толығымен қол­даймын. Себебі, жастар мен орта буын арасында латын әліпбиі кеңі­нен қол­даны­ла­ды. Жастар бай­ланыс құралы ретінде ғалам­торда, гаджеттерде латын гр­а­фикасын қолдана отырып, бір-біріне хат жазуда, ақпарат ал­масу­да пай­да­лануды әдетке айналдырған.
Бұған дейін де латын әліпбиіне көшудің, латын гра­фи­касының түрлі нұсқалары қоғам арасында қызу талқыға түсіп, әртүрлі фак­тілер мен аргументтер келтірілген болатын. Латын тіліндегі қазақ алфавитінің алдыңғы нұсқаларында кейбір дыбыстарды белгілеу үшін апострофты кеңінен қолдануды көздесе, бұл нұс­қа жазуға әрі оқуға ыңғайлы нұсқамен беріліп отыр. Елбасы Үкіметке апост­рофтары бар алфавитті қайта қарауды тапсырып, соның нәтижесінде қазақ тілін латын қарпіне көшірудің Ұлттық ко­миссиясы құрылып, арнайы жұмыс істеген болатын. 2025 жыл­ға дейін би­лік мерзімді баспасөз құралдарын, құжаттар мен көше атау­ларының жазылуын латын қарпіне көшіруді жос­парлап отыр.
Біз, халықтың пікірі ескеріліп, еленген шешім қабылдан­ға­нына ерекше қуаныштымыз.

Бөлісу:

Пікір жазу


*