«Спорт менің ауламда» бағдарламасы жалғасуда

272
0
Бөлісу:

Алматыда «Спорт менің ауламда» жобасы жалғасуда. Оның басты мақсаты 7-ден 17-і жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердіңспортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Бұл қоғамдық жоба 2017 жылы ақпан айында іске   қосылған болатын. Оның ерекшелігі кез келген  жеткіншек  спортпен өз ауласында орналасқан алаңдарда тегін нұсқаушылармен жаттыға алады.

Ең бастысы қатысушы сол бапкерге барып жазылып, күнделікті жаттығу сабақтарына келіп отырса болғаны. Нұсқаушылар  балаларды ойындардың ережелерімен таныстырып, жаттығуларды қалай дұрыс жасау керектігін үйретеді.

Қазіргі таңда қаланың әр ауданы бойынша осындай 75 жаттығу алаңдарыіске қосылған. Қатысушылардың саны 11 мыңнан асқан екен. Алдағы уақытта жылдың соңына дейін осындай тағы 75 алаң қосылып, нәтижесінде 15 мың  жеткіншек жетеді.

– Біз осы бағдарлама басталғалы дайындалып жүрміз, өте қуаныштымыз. Бапкерімізге алғыс айтқымыз келеді, себебі ол қандай күн болмасын, келіп, уақытылы жаттығу өткізіп тұрады. Бізде қалыспауға тырысамыз. Өзіміз футбол ойнағанды жақсы көреміз, арасында баскетбол ойнап, немесе күш қолданылатын жаттығуларды жасап тұрамыз. Бізге өте қызық, – деп Ауезов ауданының спортшылары Азат Тоқан мен Даурен Елесбай өз әсерлерімен бөлісті.

Айта кетер жайт,  былтырғы жылы «Спорт менің ауламда»бағдарламасы аясында барлық қатысушылардың арасында «Чемпиондар лигасы» деген қалалық турнир өткен болатын. Оған шамамаен 1000-ға жуық үздіктер қатарынан көрінген балалар мен жасөспірімдер спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлықтар, диплом және медалдармен марапатталған болатын. Сонымен қатар, аула арасындағы жарыстар жиі өткізіліп тұрды.

Т. Төлегентегі 

Бөлісу:

Пікір жазу


*