Әскери бөлімдерді аралады

264
0
Бөлісу:

 

Тараз қаласында Парламент Мәжілісінің халықарылық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитетінің отырыс өтті. Мәжілісмендер қатарында Комитет төрағасы Мұхтар Ерман, генерал Бақытжан Ертаев алдымен облыс ориталығында орналасқан бірқатар әскери бөлімдерде болып, бүгігі тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен «Оңтүстік» өңірлік әскери округіне қарасты №5-ші механикаландырылған бригадасының құрамымен танысты. Мұндағы материалдық-техникалық база мен әскери нысандармен танысқан мәжілісмендерге қару-жарақ түрлері, арнайы әскери киім үлгілері және олардың техникалық-тактикалық тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ,  БМП-2 жаяу әскер техникасын жаңа үлгісін жүргізу үшін арнайы дайындалған жаттығу-байқау оқу корпусында да болды көпшілік.

–  Мұнда БМП-2 жаяу әскери техникасын игеру, көру қашықтығына орай дәлдік нысандар, жер қыртысына қарай өту бағдарлаималары енгізілген. Мұнда жаттығу құрылғысмында дайындықтан өту моторесурстарды, уақыт пен қаржыны, жанар-жағар майды үнемдеуге көп сеп болып отыр. Өйткені, сарбаз полигонға бармай-ақ осында үлкен дайындықтан өтеді, – дейді №5-ші механикаландырылған бригада командирі, полковник Ержан Ибраев.

Сондай-ақ осы күні халықарылық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитетінің мүшелері ҚР Ұлттық гвардиясының №5513, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2035 әскери бөлімдерінде де болды.

Ал  Парламент Мәжілісінің халықарылық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитетінің кезекті отырысына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, «Оңтүстік» өңірлік әскери округінің, Қорғаныс минист рлігінің әскери бөлімдерінің басшылығы, ҰҚК Шекара қызметі және ҚР Ұлттық Гвардия әскери бөлімдерінің басшылары қатысып, басқосуда ҚР Әскери октринасының жүзеге асуы жайы талқыланды. Сонымен қатар өңірлік әскери округтердің бүгінгі тыныс-тіршілігі, даму бағыты қаралды.

Ерман Әбдиев, журналист

Тараз қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*