Іле Алатауы сапары: Қаскелең орманшылығы

3777
0
Бөлісу:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Қазақстанның сокральды географиясы» бағдараламасы аясында, біздің шығармашылық ұжым да өзіндік сапарларға шығып келеді. Бүгінгі табиғат кереметі Іле Алатауындағы Қаскелең орманшылығына арналады. 

Қаскелең орманшылығы – Алматы қаласының батысында 27 км қашықтықта орналасқан, ауданы – 31505 га.  Қаскелең орманшылығында 3 туристік соқпақ орналасқан. Олар: Қаскелең сайындағы-Велотур – 17 км, Алатау маралы-13 км, Дюре Ыстық көл  – 20 км. Сондай-ақ, өте ғажайып табиғат туындысы – «Үйтас» орналасқан.

Қаскелең орманшылығында- Алатау маралы, Сақ моншасы, форель шаруашылығы балық аулау нысандары бар.

Бұл Қаскелең шатқалының жалпы көрінісі.  Төменде Қаскелең өзені ағып жатыр.

Қаскелең орманшылығына барсаңыз, алдыңыздан Қаскелең шыңы (3853 м) өзінің айбарлы көрінісімен қарсы алады.

Шатқалдың қарсы бетіндегі тау жоталарына өрлесеңіз, алыстан мен мұндалаған қарлы шыңдар көз тартады. Ал мынау басынан бұлт көшкен шың  – «Тоқсан атты» деп аталады екен. Оның теңіз деңгейінен биіктігі-3989 м.

Бұл көрікті сайда- «Алатау маралы» сауықтыру орны жұмыс істейді. Бұл Қаскелең орманшылығында марал өсірумен айналысатын бірегей мекен. Марал мүйізінен дәрі жасалады. Ол жүрекке, қан-тамыр жүйесіне, бұлшық етке, тыныс жолына, жыныс куаттылығына жақсы әсер ететін сергіткіш дәрі. Сонымен қатар марал шаруашылығында ет пен былғары иленетін тері өндіреді.

Қазір таулы аймаққа көтерілуге шектеулер қойылып жатыр. Әсіресе, «Қазселденқорғау» мамандары осы шатқалда опырылма, сырғыма секілді табиғат апаттарының жиі орын алып жатқанын мысалға алып, тауға барушыларға көктем мезгілінде сақ болуға шақыруда.

Ал Қаскелең үстірті болса көктем белігісін сездіріп тұрғандай-ақ!

Қаскелең орманшылығында ҰОС ардагерлеріне арналған аллея бар.

Дайындаған: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Қарасай ауданы, Алматы облысы

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*