Заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Президент сондай-ақ «1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы» заңдарға қол қойды.