Елбасы ресейлік телеарнаға сұхбат берді

675
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің «Первый канал» телеарнасына сұхбат берді.

Мемлекет басшысы ресейлік телеарна тілшісімен әңгімелесу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері жөнінде айтты.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне және перс­пективаларына тоқталып, Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің негізгі мәселе­леріне қатысты сауалдарға жауап берді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінің мәнін түсін­діріп, оны сапалы түрде орындаудың маңызды екенін айтты.
– Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысында мұғалімдердің жалақылары да өсетін болады. Қазір біз мектептерде білім берудің жаңа мазмұнына көштік, бұл мұға­лімдердің жалақысын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ орта білім беру жүйесінде біліктілік санаттары көз­делген. Санаты көтерілген мұғалімдердің жалақысы қосымша 50 пайызға көбейетін болады, – деді Қазақстан Президенті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*