Шымбұлақта фристайлден халықаралық жарыс өтті

4087
0
Бөлісу:

Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында әуесқой және кәсіби атлеттер арасында Freestyle-жарысы өтті. Спорттық «Gorilla Winter Jungle» бойынша бәсеке «Freeski» және «Snowboard» жүрді.

Бағдарламада «Freestyle Show» – көрсетілім шоу ұсынылып, оған «Gorilla Team», «Big Air» кәсіби атлеттер қатысты.Фристайлден үлкен трамплиндегі жарыс әуесқой деңгейдегі райдерлер үшін ұйымдастырылды, оған жасы 16-ға толғандардың барлығы қатысып, мұнда түрлі трюктер, амплитудалық және акробатттық секірулер, сонымен қатар «Jibbing» – мини контесттер (перилдер, бокстар, грандер), шаңғы мен сноубордтарда түрлі трюктер жасады.

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортындағы жарыс аясында Мәскеуден, Сочиден және басқа жерлерден арнайы келген қонақтар шоу- көрсетілім қойды, олардың арасында Артем Шелдовицкий, Андрей Ануфриев, Даниил Мельников, Степан Деонисьев, Сакен Кагаров және басқалары бар.

Шара Алматыда спорттың экстремалды түрін,фристайлды, салауатты өмір салтын, Қазақстандағы спорттың тау түрлерін дамытуға бағытталған.

Суреттерді түсірген: Айтжан МҰРЗАНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*