БІРІН-БІРІ ЖАУ КӨРГЕН, БІТПЕЙТІН КҮНДЕ ДАУ КӨРГЕН

3384
0
Бөлісу:

Біздің одақ осындай!

Жазушылар одағының XV құрылтайы өтті. Құрылтайда басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин есеп беріп, өткенге қорытынды баға берді. Жиын Әнұранмен ашылды. Екі съезд арасында 131 жазушы қайтыс болыпты. Бақилық болған жандарды еске алып, қаламгер қауым бір минут үнсіз тұрды. 

Құрылтайға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамеди­ұлы қатысты. Жиында есеп-қисап мәсе­лесі де шет қалмады. Ырым Кенебай ар­найы баяндама жасап, Одақтың кі­ріс-шығысын түгендеп берді.
Проза мен поэзия, драматургия жанрына есеп берілді. Әділғазы Қайыр­беков, Нұрдәулет Ақыш, Сұлтанәлі Балғабаев, Ахметжан Ашири арнайы баяндама жасады.
Бұған дейін Нұрлан Оразалин өзінің кезекті рет сайлауға түспейтінін мәлім­деген-ді. Әуелде айтыс-тартыспен басталған жиын ақырына келгенде сая­бырсып, діттеген межесіне жетті.
Сонымен, басқарманың жаңа құрамы бекітілді. Жазушылар төрағалыққа бел­гілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың ие­гері Ұлықбек Есдәулетті құп көрген еді. Көп­шілік қолдауымен, араға 22 жыл салып, Одаққа жаңа төраға келді. Жаңа төрағаның жаңа орынбасарлары да сай­ланды.
Әдебиетке қажеті не? Қамқорлық. Әсі­ресе, жас қаламгерлер қолдау күтетіні анық. Әдебиетті дамытқымыз келсе, жас­тар шығармашылығының өркендеуіне күш салайық. Жақсы шығарма жазып бе­ре алмайтынымыз анық. Бірақ қомақ­ты қаламақы төленсе, еңбегі бағаланса, жазушыға шабыт сыйлайтынымыз рас. Жаңа басшылыққа жүктелетін жүк ауыр. Бастысы, зиялы қауым бас қосатын қа­сиетті үйдің қадірі қашпасын деп тілейік.

Суреттерді түсірген: Айтжан МҰРЗАНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*