Электронды білім беру дамытылуда

791
0
Бөлісу:

Кеше Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Цифрландыру бағдарламасын іске асыру аясында электронды білім беруді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында оқыту процесінің барлық кезеңінде, еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінен бастап жоғары оқу орындарына дейін электронды білім беру жүйесін енгізу мәселесі талқыланды.

Қазіргі таңда 13 қалада және бір облыста электронды айналым арқылы балабақшаларға кезекке қою және бағыт беру жүйесі енгізіліп жатыр. Орта білім беруде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі жұмыс істей бастады. Кәсіптік және жоғары білім беруде көп деңгейлі ақпараттық «Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі» енгізілуде. Ұлттық білім беру дерекқорын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйе­ле­рімен біріктіруді биылғы 1 қыр­күйекке дейін жүзеге асыру көзделген.
Жүйені цифрландыру жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша баланың бірыңғай электронды деректер базасын құруға мүмкін­дік береді. Келешекте білім деңгейіне (балабақшалар, мектептер, колледждер, ЖОО-лар) қатысты процестер білім берудің әр кезеңінде қосымша құжаттар мен анықтамаларды жинау қажеттігінсіз, электронды түрде жүзеге асырылатын болады.
Бүгінде жалпы республи­кадағы 7047 жалпы білім беру мектептерінің ішінде 4355-тен астамы немесе
62 пайызы жоғары жылдамдықты интернетке қосыл­ған. Колледж­дерде бұл көр­сеткіш 90 пайызға, ал ЖОО-ларда 100 пайызға жетіпті.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*