Ықтияр ПAЛТӨРЕ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің деканы: Латын қарпіне көшу – күрделі үдеріс

364
1
Бөлісу:

Мемлекет басшысының биылғы бағдарламалық құжаттары мен мақалаларында атап көрсетілген стратегиялық тапсырмаларына сәйкес, отандық ғылым мен білім саласының интеграциялануы мен еліміздің дүниежүзілік интеллектуалдық кеңістікте индустриалды-инновациялық тұрғыда дамуының маңызды қолданбалы бағыты – мемлекеттік тілдің латын қарпіне өтуі. Бұл үдеріс кезең-кезеңімен, жүйелі және қарқынды түрде жүзеге асырылмақ.

Елбасы Н.Назарбаев­тың биыл­ғы «Қазақстан­ның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауында еліміздің адами капиталын дамытуға бағытталған нақты стратегиялық тапсырмалар атап көрсетілді. Ол үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды енгізуге маңыз берілуі керектігі де айтылды. Өйткені бұл – өскелең ұрпақтың сыни ойлау қабілеті мен маңызды мәліметтерді дербес іздеу машығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқу әдісі мен әдістемелерінің заманауи алаңында трилингвизм – еліміздің адами капиталының сапасын тиімді арттыруға бағытталған оқу-технологиялық әлеуетімізді айқындауда нақты әрі кешенді мүмкіндікке ие. Осы тұстағы, ана тілімізді дамытудың маңызды әрі тың серпіліс беретін бағдарламасы – еліміздің кирилл қарпінен латын әліпбиіне өту жобасы. Бұл – әлемдік бизнес кеңістік пен ғылыми-инновациялық қоғамдастыққа еркін енудің бірден-бір жолы. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағыт алған бұл ғаламдық өзгеріске Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да маңыз берілді. Дәл осы стра­тегиялық туындыда қайта жасаушы жобалардың жүйелі қатары құрылып, жоба-жоспары жасақталды. Латын қарпіне көшу – күрделі үдеріс. Бұл мәселені талқылауға маман­дардың ғана емес, қалың бұқараның да қатысуы халықтың бірлігі мен қоғамдық сананың жаңғыруын көрсетеді. Қазақ тілінің реформасы тіл үйренудегі барлық кедергілерді жойып, оны анағұрлым жеңіл әрі тез дамытуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2018 at 17:07 Жауап

    Үдеріс сөзінің осы мақаладағы мәнін білгім келеді. Меніңше, кейінгі кезде журналистер үдеріс пен үрдісті шатастырып жүр. Үдерістің аудармасы ускорение де, үрдістің аудармасы процесс, осы екеуін шатастырмау керек сияқты

Пікір жазу


*