Волонтерлер көмекке келді

490
0
Бөлісу:

Атырау облыстық Жастар сая­саты мәсе­лелері жөніндегі бас­қарма мен «Нұр Отан» пар­тиясы облыстық филиалының бастамасымен су тасыған аймақ­тардағы тұрғындарға гумани­тарлық көмек көрсететін штаб құрылды.

Қазір Атырау облысы әкімі аппараты мен басқармалар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде қаржы жинауда. Мемлекеттік қызметшілердің біркүндік еңбекақылары ар­найы есепшот ашылғаннан кейін су тасқынынан зардап шек­кендердің есепшоттарына аударылады. Гуманитарлық көмек көрсету шаралары 19 наурызға дейін жалғасады.
Сондай-ақ «Жас Отан» Жастар қанатының Атырау облыстық филиалы Шығыс Қазақстан облысында тасқын сал­дарынан зардап шеккен тұр­ғындарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында, облыс орталығында халық көп шоғырланған жерлерден 4 қабыл­дау орнын ашты.
– Біз азық-түлік, жаңа киім-кешек, қажетті дәрі-дәрмек және нәрестелерге жаялықтар жинаудамыз. Қомақты көмек бастауыш партия ұйымдарынан түсіп жатыр. Мысалы, «Аманат» бастауыш партия ұйымы қажетті азық-түлік өнімдерін әкеліп берді.
Қайырымдылық шарасына жас еріктілер де атсалысуда. Олар керек болған жағдайда қолдан келген көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысына баруға да ниет білдіріп отыр. Аталған жұмыстар әрдайым пар­тия назарында болады. Барлық азаматтарды қиын жағдайға тап болған отандастарға қол ұшын беруге шақырамыз, – дейді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Данагүл Жайлаубаева.
Мира ҰЗАҚ

Бөлісу:

Пікір жазу


*