Қазақ қызы жүлдегер атанды

153
0
Бөлісу:

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті Жазира Көшкін Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өткен «Поколение NEXT» XIX  халықаралық байқауында үшінші орынға ие болды.

«Сән индустриясы» жеңіл және тоқыма өндірісінің Халық­­аралық көрмесі аясын­да жас дизайнерлер арасында ұйым­дастырылған сайысқа Ж.Кө­шкін «Костюм» аталы­мы бойынша қаты­сып, көп­ші­­лік назарына Art on Rocks этностиліндегі әйелдер киімі­нің топтамасын ұсынды. Кон­курс­қа Италия, Беларусь, Ұлы­бри­та­ния, Франция, Ресей және Қазақ­станнан келген 100-ден астам дизайнер «Текстиль», «Графикалық дизайн», «Костюм» номинациялары бойынша бапта­ры мен бақтарын сынады.
– Үш күнге созылған байқауда 143 жоба ұсынылды. Соның ішінде «Костюм» бағыты бойынша 34 жұ­мыс, «Текстиль» бағыты бойын­ша 51 жұмыс финалға жолда­ма алды. Онлайн дауыс беру нәтижесінде «Кәсіптік оқыту» мамандығының сту­денті Жазира Көшкіннің жұмы­сы жүлделі үшінші орынға лайық деп танылды, – дейді жетекшісі, Кәсіптік білім кафедрасының оқытушысы Ұлжан Алашабаева.
Жазира Көшкін сабақтан тыс уақытта дизайндық киім үлгілері мен коллекцияларды модельдеп, құрастыруды әдетке айналдырған.
– Қазіргі күнде еңбек нарығын­да дизайнер мамандарына деген қажеттілік байқалады. Бұған себеп те жоқ емес. Ұлттың ұлылығын ұлық­тайтын бұйымдарға сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Елі­міз бойынша сән орталықтары мен шеберханалар да көптеп ашы­лу­да. Басты мақсатым – ата-баба дәс­түрін кеңінен насихаттап қана қоймай, замандастарымды төл өнерді бағалауға, ұлттық мұраны сақтауға үндеу, – дейді Ж.Көшкін.

Жандар АСАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*