Республикалық акцияға 230 –ға жуық  азамат қатысты

764
0
Бөлісу:

 

«Нұр Отан»  партиясының Қызылорда облыстық филиалында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.

Жалпы облыс бойынша акцияға 230-ға жуық азаматтар қатысса, облыс орталығындағы шараға 20-дан астам азамат келіп, өз өтініштерін білдірді.

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қабылдауға келушілерге акцияның маңыздылығын атап өтіп,  негізгі міндеттерін түсіндірді.

– Бүгінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясындажеке кәсіппен айналысамын деушілерге көп мүмкіндіктер қарастырылған. Елбасымыз еліміздің экономикасын одан әрі өсуіне ықпал ететінін бес әлеуметтік бастамасының  төртінші бағытында  елдегі шағын кредиттердің көлемін 20 млрд теңгеге арттыруды тапсырып отыр. Бүгінгі акцияны ұйымдастырудағы негізгі міндет «Төртінші индустриалық ревалюция» жағдайындағы жаңа экономиканың сұранысқа қажетті техникалық және кәсіби мамандарын дайындаудың негізгі бағыттарын түсіндіру, жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында түрлі әлеуметтік топтардағы азаматтарға қолдау көрсетіп, кең көлемде құқықтық  кеңес беру, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарға жұмыс орындарын ұсынып, жұмыспен қамтуға көмек көресту, –  деп атап өтті.

Өткен жылы Қызылорда қаласы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 1296 азамат  қысқа мерзімдік оқу курстарын тәмамдаған. Қоғамдық жұмыстарға 2065 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 234 адам жәнежастар тәжірибесіне 423 жас маман жолдама алған. Бұл бағыттарды жұмыстарды Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғабит Аяпбергенов баяндады. Сондай-ақ орталық директоры  жыл басынан атқарылған жұмыстарды да тілге тиек етті.

– Қалалық жұмыспен қамту орталығына жыл басынан жұмыс сұрап 2557 адам хабарласты. Қазіргі таңда олардың 707-сі тұрақты жұмыспен қамтылды. 113 азамат жастар практикасына,819 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.Сонымен қатар 200 азаматқақысқа мерзімдік оқуға жолдама беріліп, әлеуметтік жұмыс орындарына 63 адамжолданды, –  деді.Ғабит Аяпбергенов.

Акция аясында тұрғындарға тегін құқықтық кеңестер беріліп, 26 азамат мамандығына сай тиісті жұмыс орындарына жолдама алды.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*