ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

540
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында жұмыс қарқынын жандандыра түсті. Осыған орай партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен және Германия Федеративті Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльмен кездесті. Бұл кездесулерде екі ел ынтымақтастығының келешегі мен партияаралық диалогты дамыту жайы кеңінен сөз болды.

«Нұр Отан» партиясы мен Жапо­ния­ның Либералды-демократиялық пар­тия­сы Астана мен Токио арасындағы өзара қа­рым-қатынасты одан әрі нығайтуға бел­сенді түрде қатыспақ. Алдымен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орын­басары Қазақстан мен Жапония ара­сындағы әріптестіктің маңызды фак­торы ретінде екі ел басшыларының жеке дос­тық қарым-қатынасын атап өтті. Сон­дай-ақ ол Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэнің өз елдеріндегі ең ірі саяси пар­тиялардың көшбасшысы екеніне де на­зар аударды.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Жа­понияны Қазақстанның маңызды сая­си және экономикалық әріптестерінің бірі екенін айтты. Екі ел ядролық қаруды тарат­пау, қарусыздану және жаһандық ядро­лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету са­ласында тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қазақстан Президентінің қазақ­стан­дықтардың алдына қойған техно­ло­гиялық жаңғыру жөніндегі міндеттеріне сәйкес алдағы уақытта инновацияны ен­гізу саласында да әріптестік орнатуға жол ашылды.
– Қазіргі таңда Қазақстан жаңа тех­но­логияларды дамыту саласында белсенді жұмыс істеуде. Біз Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы сын-қатерлер­дің маңызын жақсы түсінеміз. Сондықтан экономикамыздағы ғылымды қажет ете­тін секторларды дамытып, жаңа техно­ло­гия­ларды енгізудің маңызы зор. Жа­по­ния­ның робот техникасы саласында тә­жі­рибесі мол екенін және көптеген озық инновациялық жобалары барын жақ­сы білеміз. Осы бағытта Қазақстан Жа­пониямен ынтымақтастықты нығай­ту­ға тікелей мүдделі, – деді «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының Бірінші орын­басары.
«Нұр Отан» партиясының халық­аралық қатынастарды дамыту бағытында Жапонияның билеуші Либералды-де­мок­ратиялық партиясымен әріптестікті ны­ғай­ту маңызды тетік болып саналады. Осы­ған орай өткен жылы «Нұр Отанның» ар­найы делегациясы күншығыс еліне ба­рып, Жапонияның жетекші саясат­кер­лері­мен кездесті. Соның ішінде Ли­берал­ды-демократиялық партиясының бас­­шы­лығымен де кездесулер өткен бо­ла­тын. Осы мәселеге назар аударған Мәу­лен Әшімбаев енді нұротандықтар жапон­дар тарапынан партиямыз бен ел­де­рі­міздің бай­ланысын жаңа деңгейге көтеретін осын­дай қадам күтетінін жеткізді.
– Біз екіжақты өзара іс-әрекеттің ая­сын кеңейтуге мүдделіміз. Сондықтан жа­пон әріптестеріміздің Қазақстанға қа­рым­та сапармен келгенін көргіміз ке­леді. Бұл сапар біздің екіжақты ынты­мақ­тастығымыз бен іс-әрекетімізге тың сер­пін беретін тиімді тетік болады деп се­неміз, – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
Өз кезегінде елші Итиро Кавабата Қа­­зақстан мен Жапония ынтымақтас­ты­ғы­ның жоғары әлеуетін тілге тиек етіп, алдағы уақытта екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығая түсеріне сенім білдірді.
– Біздің елдеріміз арасындағы бай­ла­ныс қарқынды дамып келеді. Бүгінде біз қазақстандық әріптестерімізбен сын­дар­лы әріптестік орнаттық. Өзара қарым-қа­тынасымызды тек партияаралық емес, ел­деріміз деңгейінде де жаңа биікке кө­теруге барлық мүмкіндігіміз бар, – деді Итиро Кавабата.
Кездесу соңында жапон елшісі Жапо­ния Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының жұмыс жоспары мен алдағы бағыт-бағдары туралы айтты. Аталған лига 1994 жылы Қазақстан Президентінің Жапонияға жасаған алғашқы ресми са­пары кезінде құрылған болатын. Достық лигасына Жапония Парламентіндегі 40 белсенді депутат, Министрлер кабине­ті­нің өкілдері, палата басшылары және ірі сая­си партиялардың жетекшілері мүше.
Германия Федеративті Рес­пуб­ли­касының Қазақстандағы Тө­тенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльмен кез­десуде де тараптар мемлекетаралық және екі елдің жетекші саяси партиялары ара­сын­дағы қарым-қатынасты нығайту мүм­кіндіктерін талқылады.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бі­рінші орынбасары Германия Қазақ­станның Еуропадағы ең маңызды серік­тес­терінің бірі екенін айтты. Сондай-ақ, ол екі мемлекеттің өзара іс-әрекетіндегі ерек­ше қырлары мен экономикалық бай­ланыстың маңызына тоқталды.
– Елдеріміздің басшылары арасын­дағы оң қарым-қатынас Қазақстан мен Гер­манияның сындарлы және өзара тиім­ді байланысының негізі болды. Гер­ма­нияның Қазақстан экономикасын­дағы ірі инвесторлардың бірі екені көңілге қуа­ныш ұялатады. Соңғы бес жылдың кө­ле­мінде түрлі саладағы 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы Гер­мания президенті Штайнмайер мыр­заның Қазақстанға жасаған сапарында таяу жылдарға арналған жалпы құны 1 млрд еуродан астам қаражатты құрай­тын қо­сымша келісімдерге қол қойылды, – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
Қазіргі таңда Қазақстанда германия­лық капиталдың қатысуымен тіркелген 1500-ден астам кәсіпорын мен эконо­ми­ка­лық құрылым бар. Ірі неміс компа­ниялары біздің елмен бірінші кезекте сау­да-экономикалық салада өзара қарым-қатынасты дамытуға мүдделілік танытып отыр.
Кездесу барысында партияаралық диалогты дамытудың маңызы да кеңінен сөз болды.
– Екі жаққа да тиімді көптеген бір­лес­кен жобаларды табысты жүзеге асы­ра­ты­нымызға сенемін. Қазірдің өзінде пар­тияа­ра­лық қарым-қатынаста біздің ел­­дер­­дің белгілі бір деңгейде тәжірибесі бар. Өткен жылы Германияның Хрис­тиан-демократиялық одағының ша­қыруы­­мен нұротандықтар Берлинде б­о­лып, бірқатар жемісті келіссөздер жүр­­­­гізді, – деді «Нұр Отан» партиясы Тө­­ра­­­ға­сының Бірінші орынбасары.
Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Қа­зақ­стандағы өңірлік оқу орындарының білім беру ісінде неміс технологиясы қолда­ны­латынын айтып:
– Таяуда Қарағанды облысына жаса­ған сапарымда Теміртау жоғары по­ли­тех­ни­­калық колледжінде болдым. Ол жерде не­міс әріптестеріміздің қолдауымен біз­дің студенттеріміз үшін жаңа мүмкіндік-тер қол­­ға алынған. Кейбір сыныптарды то­лы­­ғымен Германия жабдықтаған. Ол сы­­ныптарда сіздің еліңізде кеңінен қол­да­нылып жүрген қондырғылар мен тех­но­логиялар орнатылған. Ал Германия-ның дуалді оқыту жүйесіндегі мол тә­­­жірибесі қазір­гі таңда көптеген қа­зақ­стандық оқу орын­дарында сәтті жүзеге асырылуда, – деді.
Екі ел арасындағы байланыстың жан­дана түскеніне ерекше мән берген Рольф Мафаэль уақыт өткен сайын неміс саяхат­шы­ларының Қазақстанға деген қызығу­шы­лықтары артып келе жатқанын айтты.
– Былтыр Астанада өткен EXPO – 2017 ха­лықаралық көрмесіне келген германи­я­лық­тардың басым бөлігі Қазақстанға де­ген ерекше қызығушылық танытып отыр. Сіздің елдеріңізде білім, өнеркәсіп жә­не тағы басқа салаларда неміс тәжі­ри­бесінің қолданылатыны мен үшін үлкен қуаныш. Осы ретте жаңа дуалді оқыту жүйе­сін Қазақстанның Білім және ғылым ми­нистрлігі мен Германияның жетекші бі­лім беру қорлары бірлесіп дайындағанын да айрықша атап өткен жөн, – деді Р.Ма­фаэль.
Бұдан басқа неміс елшісі бүгінде «Нұр Отан» партиясында жүргізіліп жатқан ау­қымды партиялық жаңғыру жұмыс­тарына қызығушылық танытты. Соған орай Мәулен Әшімбаев жаңа партиялық жо­балар мен реформалардың басты бағыт­тары жайында айтып, бұл жұ­мыс­тардың барлығы партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей баста­ма­сымен қолға алынғанына назар аудар­ды.
Іс-шара соңында тараптар партиялық қа­лыптасу жайында пікір алмасып, түрлі салада бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Еламан ҚОҢЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*