Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

1474
0
Бөлісу:

Есім Дәулетов,
Қостанай облысы мәслихатының депутаты, «Мал дәрігері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Жастарға жағдай жасалады

– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылған бес әлеуметтік бастамаларға қатысты тапсырмалары халық арасында зор қолдауға ие болды.

Тәуелсіздік жылдары елімізде экономикалық, сая­си, әлеуметтік реформалар оңтайлы жүзеге асы­рылу­да. Ел­басы­ның бес әлеуметтік бастамасы сол рефор­ма­лардың жалғасы деп білу керек. Бес әлеуметтік бас­тамалардағы білімді сапалы етіп және оның қол­жетімділігін көтеру, студенттерді жа­тақ­ханамен қам­та­масыз ету бастамасын облыстық мәс­лихат депутаты ре­­тінде қолдаймын. Амангелді ауданы облыс орта­лы­ғынан шалғай жерде орналасқандықтан, соңғы жыл­д­ары облыс орталығында оқитын студенттеріміздің ата-ана­лары жатақхананың жетіспеушілік мәселесін пар­тия фи­лиалының қоғамдық қабылдауы арқылы жиі кө­терді. Сон­дықтан мем­лекеттік-жеке әріптестік ар­қылы жаңадан жа­тақ­ханалар са­лынуы түйінді мәселені ше­шіп, студенттері бар отбасы­лар­дың әлеуметтік көңіл-күйін көтерері сөзсіз.
Сондай-ақ қазіргі таңда тегін білім алу гранттарын кө­бей-ту – шалғайдан келген жастарды білім алуға ын­таландыру мақ­сатындағы жасалып отырған игі іс-ша­ра. Бұл өз тарапынан әлемдік денгейдегі білім са­па­сымен тең болуға қолайлы жағ­дай туғызады. Ал жас ұр­пақ, үмітті ақтап, жасалып жат­қан игі істерді одан әрі қарай жалғап кету керек. Сонда ға­на біз дамы­ған отыз елдің қатарына кіре аламыз.

Нұркелген Өтеулин,
Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «ННН+В-2005» ЖШС директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Жете түсіндіру де жетістік

– Президент халықтың болашағы үшін орасан зор әлеуметтік маңызы бар бес әлеуметтік бастама көтерді. Бастамалар біздің өміріміздің барлық салаларында жүргізіліп жатқан жаңғыртулардың жалғасы.

Бірінші бастама, Елбасы «7 – 20 – 25» деп өзі атағандай, ипо­тека­лық несие мөлшерлемесін 7 пайызға дейін төмендету жо­лымен әрбір отба­сы­ның өзіне тұрғын үй алу мүмкіндігін бе­реді. Бұл құрылыс биз­несін де одан әрі дамытуға серпін бер­мек.
Қостанай қаласы – студенттер өте көп тұратын шаһар. Олар­ға жа­тақ­хананың жетіспеуі – бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Осы мә­селені Премьер-министр облысымызда болғанда де­путаттар көтерген болатын. Енді аталған бағдарламаның ар­қасында мемлекеттік – жеке әріптестік шеңберінде студенттік жа­тақханалар құрылысы бас­тал­мақ.
мені жеке табыс салығының мөлшерін азайтуға байланысты екінші бас­тама депутат әрі жұмыс беруші ретінде де қуантты. Жеке та­быс салығы ре­тін­де ұсталып келген соманың 10 пайыздан 1 пайыз­ға түсуі арқа­сын­да біз одан үнемделген ақшаны еңбекақы ре­тінде беретін боламыз, нә­тижесінде еңбекақы мөлшері өспек­ші. Бұл өз кезегінде муль­типликативтік әсер беретіні сөзсіз.
Шағын несиелендіруге бағытталған төртінші бастама да ма­ған ди­қан ретінде өте жақын. Ауыл тұрғындары енді үй шаруа­шылығын да­мыту үшін де несие ала алатын болады. Яғни, ірі қара және ұсақ мал басы өседі деген сөз. Бұл ауылдағылардың өз бизнесін ашып, оны одан әрі дамытуына мүмкіндік береді.
Біз – «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық мәс­лиха­тын­да­ғы депутаттық фракция мүшелері Президенттің әлеу­меттік бес бас­та­масын халыққа түсіндіру жолындағы жұмысты одан әрі де мейлінше тың­ғылықты жалғастыруымыз қажет. Ал­дымызда сайлаушыларға Елбасы ұсынып отырған әлеуметтік бас­тамалардың ең біріншіден ел аза­маттарының әлеуметтік жә­не тұрмыс жағдайларын көтеретінін жете түсін­діру міндеті тұр.


Дамир Нұрқасым,
Қапшағай қаласы жастар ресурстық орталығыныңжетекшісі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Белсенділік – бізге тән

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі – егемен еліміздің әлеуметтік өміріне тың серпіліс берген, барлық сала дамуының, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат.

Жаңа бастама қарапайым халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталып, жастарды да жігерлендірді. Әлеуметтік бас­тамалар саяси жүйеге де өзгерістер енгіз­бек. Бұл – негізінен еліміздің дамуын­да­ғы саяси маңызды, парасатты қадам. Еліміздегі демократиялық процестің дамуын көрсете келе, реформа­лар­дың халықтық талқыға са­лынуы негізінен биліктің ашықтық прин­ципін, әрбір баста­ма­ны халықпен бір­лесіп талқылауға дайын­дығын көрсетеді. Со­нымен қатар талқылау азаматтық қоғамның қа­тысуын да қажет етеді.
2018 жылдың еншісінде айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ. Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды да­мытуға арналған шаралар жалғасын таба­ды. Елбасының бізге жүктеген сенімін ақ­тап, жастар да жаңа бастамалардың жүзеге асы­рылуына белсене араласпақ.


Әміржан Тұралин, 

экономика ғылымдарының кандидаты, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Экономика және есеп» кафедрасының доценті:

Салықтан да пайда көреміз

– Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінің екінші бастамасы «Төмен жалақы алатын қызметкерлерге жалақыны арттыру үшін салық жүктемесін төмендету» деп аталады.

Осыған орай, салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін Елбасымыз 2019 жылдың
1 қаңтарынан бастап салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 ғана салық салуды ұсынды.
Бұл халықтың аз қамтылған тобын әлеуметтік қолдау жолын­дағы басты шаралардың бірі. Өйткені салық заңнамасына осын­дай түзетуді енгізудің арқасында 2 миллионнан астам қазақстан­дық­тар жұмыс берушілерге ауыртпалық салмай-ақ өз жа­ла­қы­сына үс­те­ме ала алады.
Мұндай топқа 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық жала­қысы 63125 теңгеден аспайтын қызметкерлер жататын болады. Са­­­лыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қызметкерге бұл жаңа­лық қандай септігін тигізетінін түсіну үшін осындай жа­лақысы бар адам бойынша мысал келтірейік. Егер де салық заң­намасы бүгінгі таңдағыдай болса, онда ол адам өз жала­қы­сынан 2711 теңге сомасында жеке табыс салығын төлеген болар еді, өзгеріс енгізу нәтижесінде ол тек 271 теңге ғана салық со­ма­сын төлейтін болады. Демек, салықты аз төлеу арқасында ол 2440 теңге артық жалақы алады. Басқаша айтқанда, қолданыс­та­ғы заң бойынша алуы тиіс 54101 теңгенің орнына, енді оның қо­лына 56541 теңге тиеді. Бұл – жұмыс берушінің қосымша шы­ғынынсыз қызметкердің жалақысын 4,5 пайызға арттырады де­ген сөз.
Елдегі жалдамалы қызметкерлердің үштен біріне осындай оң әсерін тигізбекші. Елбасының бұл бастамасы уақытылы әрі орын­ды екендігі күмәнсіз

Бөлісу:

Пікір жазу


*