200 бала өнер көрсетті

2209
0
Бөлісу:

№ 6 Оқушылар үйінің концерттік залында әнші-композитор, Мәдениет қайраткері  Алтын Маханбетованың «Болашағы елімнің» атты шығармашылық кеші өтті.


Кеш барысында өнер иесінің балаларға арналған әндерін Аллаберген Жақсыбаев, Гүлмира Ақүрпекова, Жазира Қошанова, Бейбіткүл Нұрымқожина, Есет Сәдуақасов, Әлия Аюб, Айгүл Адиханова сынды эстрада әншілерімен бірге Түрксіб ауданының жас өнерпаздары орындады.

Сондай-ақ «Әнші болғым келеді» авторлық бағдарламасы арқылы жұртшылыққа танылған шәкірттері Әйгерім Мергенбай, Жасұлан Көпберген, Ақбота Ғалымбек, Балауса Ерғалиналар өнер көрсетті.


Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы №6 Оқушылар үйі 45 жылдан бері жұмыс істейді. Әртүрлі бағыттағы 41 үйірмеге қатысушы балалар саны – 1600.

Толығырақ «Айқын» газетінен оқисыздар.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ
Видео-фото репортажды түсірген автор

Бөлісу:

Пікір жазу


*