Дәрі-дәрмектер – қадағалауда

861
0
Бөлісу:

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров мемлекетпен кепілдендірілген тегін медициналық көмектің аясында халықты дәрілік қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алу өтінішімен Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың атына үндеу хат жіберді.

Белгілі болғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жоғарыда мәселені шешу бойынша нақты ұсыныстармен Денсау­лық сақтау министріне жүгінген. Осы ведомство өкілдерінің биылғы 29 наурыз­да БАҚ-та хабарлаған ақпараты бойынша қазіргі уақытта мемлекет емделушілерге беруге уәде берген дәрі-дәрмектердің 95% атауы сатып алынған.
Денсаулық сақтау реформасының бағыт­тарының бірінде Мемлекет бас­шы­сы қашық диагностика мен амбу­ла­ториялық емдеуге көшуін айқындады, бұл дәріханаларда және емханаларда дәрі-дәрмектерді үздіксіз жабдықтауды көздейді.
Сонымен қатар бұл мәселе бүгінгі күнге дейін тиісті түрде жүзеге асырыл­ма­ғаны туралы азаматтардың жалғасып келе жатқан шағымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланым­дары Омбудсменнің алаңдаушылығын тудырады. Дәрілік препараттарын жеткізудегі кідірістер еліміздің көптеген өңірлерінде байқалады. Мұны жеке өңірлік медицина қызметкерлерінің мәлімдемесі дәлелдейді.
Қалыптасқан жағдайда, ауыр сырқат­тардан зардап шегетін амбулаторлық науқастарды өмірлік маңызы бар пре­па­рат­­тармен қамтамасыз ету, кейінге қалды­руға болмайтын мәселе болып қала бермек.
Көрсетілген жағдайдың мәнмәтінінде, Омбудсмен Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңына сәйкес, халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қайтымсыз салдардан азаматтардың құқық­тары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, қадағалау тәртібінде мемле­кет­тік және өзге де органдардың, меке­ме­лердің және лауазымды тұлғалардың қызметін тексеріс жүргізу орынды деп есептейді.

Ершай ӘЗІРЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*