Кітапхана – рухани жаңғыру жолында

2052
0
Бөлісу:

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақ – білімді ұрпақ қолында» деп атап көрсеткеніндей, мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан  Ұлттық кітапхана – оқырмандарды білім нәрімен сусындатқан рухани қазына орталығы. Еліміздің тағдыры өсіп келе жатқан ұрпақтың біліктілігі мен білімділігіне байланысты десек, Ұлттық кітапхана – заман талабына сай білім мен ғылымның, шығармашылық және мәдени дамудың, ақпараттық жетістіктерін насихаттауда  ел  игілігіне өлшеусіз үлес  қосып келе жатқан  мәдениет ордасы.

Қазіргі уақытта еліміздегі басты рухани құндылықтарды айқындайтын, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХI ғасыр биігіне көтере­тін, соны­мен қатар ғылым, білім, мәде­ниет пен тарихты тұтастай қамти­тын ұлттық рухани жаңғыру бағдар­ла­масы кітапхана сала­сына да көптеген жаңа міндеттер артты.
Сол себепті, рухани жаңғыру мен кітап­х­ананың жұмысы бір бағытта өрбиді десек болады. Кітапханада «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасын жүзе­ге асыру аясында «Әлем әдебиеті қыз­меті» әртүрлі халықаралық жоба­ларды, рухани шара­ларды іске асыруда. «Қазіргі қазақ­стандық әдебиет жаһан­дық әлемінде» жобасының мақсаты – рухани жаңғыру жұмысының мың­ жылдық тарихымызда төл мәдение­ті­мізді тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына таныстырып, насихаттау. Осы игілікті бастаманы қа­зақ ақын-жазушыларының шығарма­лары БҰҰ-ның басты тілдерінде сөйлей­ті­ніне үлесімізді қосып, ерекше серпін беретін, аса маңызды бағдарламалық құжат деп білеміз. Сондай-ақ бағдарламаның «Жаһан­дағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру бары­сында еліміздегі ақын-жазушы­лар­дың таңда­малы академиялық басылымдары мен туындылары арқылы Қазақстанды әлемге таныту мақсатында тиісті жұмыс­тар атқарылуда.
Ұлттық кітапхана – ақпараттың ордасы, орталығы ретінде жас мөлшеріне қарамай әлеуметтік әр топтағы оқырмандарға, сапалы қызмет көрсету барысында жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланып, оқырмандарға жаңа форматтағы «Рабис» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетеді. Күнделікті оқырмандар қажетті кітап­тары мен газет-журнал­да­ры­на сұранысын осы бағдарлама арқылы электронды түрде тапсырыс беріп, ол жедел түрде орындалып, сапалы қызмет көрсетілуде.
«Рабис» бағдарламасы оқырман­дар үшін өте тиімді, уақытты үнемдейді және қажетті кітаптары мен газет-жур­нал­дарын тез тауып алады. Сонымен қатар Әлем әдебиеті залында оқыр­мандар үшін ашық қорлар ұйым­дастырылған. Оқырман қажетті кітабын өзі еркін алып, оқи береді. Бүгінгі таңда Әлем әдебиеті залына оқырмандардың келу саны күн­нен-күнге артуда. Себебі, кітап қорын­дағы шетел әдебиеттері мен Ресей баспа­ларынан шыққан ғылыми кітаптарға қызығушылық пен сұраныс өсті. Жыл сайын кітап қоры оқыр­мандардың сұранысы мен талабы бойынша жаңа­рып, толықтырылып отырады. Сондық­тан да кітапхананың жұмысы күнделікті ақпараттың және жаңалық­тың алаңы ретінде оқырман­дарға қалтқысыз қыз­мет ету аясын кеңейту жолдарын іздес­тіріп, әрбір қазақстандық азамат­тың рухани өсуіне мол үлес қосып, рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге тиісті. Елбасы Жолдауы, уақыт талабы бізді осыған міндеттейді.

Г.Мырзакерімова,
Ұлттық кітапхананың Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі

Бөлісу:

Пікір жазу


*