Биылғы бюджет нақтыланады

486
0
Бөлісу:

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттардың алдағы жалпы отырысына шығарылатын мәселелер айқындалды. 

Күн тәртібінің жобасына сәй­кес, депутаттардың талқы­лауы­на «2018-2020 жылдарға арнал­­ған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасы ұсынылмақ. Құжат Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Төр­тін­ші өнеркәсіптік револю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Жолдауларын, сон­­дай-ақ таяуда жария етілген Прези­денттің бес әлеуметтік бас­та­­масын жүзеге асыруға бағытталған.
Бұдан өзге, отырыстың күн тәртібіне бірқатар халықаралық шарттарды ратификациялауды қарастыратын заң жобалары да қосылып отыр. Атап айтқанда, депутаттардың қарауына «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылады. Оның өзгерістері ұйымға мүше елдердің құпия ақпараттарын қорғауды қамтамасыз ету тәрті­бін анықтайды. Сонымен қатар түзетулер арқылы келісімге қатысу­шылар қатарын кеңейту мүмкін­дігі қамтамасыз етілмек.
Сондай-ақ алдағы аптадағы сол жалпы отырыста қалаулылар Мәжіліске келіп түскен жаңа рати­фикациялық заң жоба­ла­рын жұмысқа қабылдап алып, олар бойынша бейінді коми­тет­тің қорытынды әзірлеу мер­зім­дерін белгілеп береді деп күтілуде. Олардың ішінде Қазақстан мен Вьетнам ара­сын­дағы қылмыстық істер бойын­ша өзара құқықтық көмек тура­лы, Қазақстан мен Литва ара­сындағы бас бостандығынан айы­руға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәж­бүр­леу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шарттарды рати­фикациялайтын заң жоба­лары бар.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*