Жолдардан магнолия жұпары аңқиды

3873
0
Бөлісу:

Алматыда күн өткен сайын жақсы бастамалар қолға алынып келеді. Әсіресе жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға қамқорлық ерекше. Көшелер заман ағымына сай реттеліп, Еуропа көшлеріне ұқсап келеді. Адамдарға жайлылық, әдемі атмосфера сыйлайтын жаңа көшелерде жаңа бағыттар жұмыс жасамақ. Соның бір мысалы, күні кеше ғана, қаламыздағы Қабанбай және Гоголь көшелерінің бойына магнолий өсімдігі отырғызылды. Алғаш отырғызғаннан-ақ, гүлдеп үлгерді. Көше бойына тараған жұпар исінің өзі бір ғажап!

Алдағы уақытта магнолий өсімдігі жаяу жүргіншілерге басымдық беретін, қайта жөндедуден өткен көшелерге отырғызылады. Сондай-ақ, әкімдік ақпаратына сүйенсек, магнолиймен қатар, жаяу жүргіншілер жолына сиперий бұталары, зерек және арша ағаштары, алма және акация ағаштары отырғызылмақ.

Еске сала кетейік, магнолий өсімдігін ботаниктер жұпар аңқитын гүлі мен ерекше жапырақтары үшін жоғары бағалайды. Оның табиғатта 201, тіпті кейбір деректерде 240-қа жуық түрі бар көрінеді. Әдемі гүлдерімен тәнті ететін сұлу гүлдің қала көшелерінен табылғанының өзі бір бақыт!

Дайындаған: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*