Елбасы транзиттік әлеуетті дамытуды тапсырды

440
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт­тық экономика министрі Тимур Сү­лей­меновті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шы­сына 2017 жылдың қорытындыcы бойын­ша экономикалық даму көрсет­кіш­теріне жасалған талдау нәтижелері жө­нінде мәлімдеп, министрліктің қыз­меті туралы есеп берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағ­дарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жос­пар­лау мен болжам жасаудың маңыз­ды­лығын атап өтті.
– Барлық шаралар Қазақстан эко­но­микасын дамыту үшін жүзеге асыруға тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың, со­ның ішінде «Бес әлеуметтік баста­маның» іске асырылу барысын зерттеу қа­жет. Ұлттық экономика министрлігі ор­талық және өңірлік деңгейдегі бар­лық мемлекеттік органдардың қадам­да­рын айқындауы керек, – деді Қазақ­стан Президенті.
Тимур Сүлейменов Мемлекет бас­шы­сына биылғы бірінші тоқсанда қол жет­кізілген экономикалық даму нәти­же­лері және экономикамызға жалпы әлем­дік үдерістердің тигізіп отырған әсе­рі жөнінде баяндады.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақ­ты тапсырма берді, соның ішінде Қа­зақстанның экспорттық және тран­зит­тік әлеуетін одан ары дамыту, мем­­ле­кеттік және салалық бағдарла­маларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*