Алматыда форум өтті

2087
13
Бөлісу:

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Алматыдағы ЮНЕСКО бюросымен бірлесіп, V Халықаралық Фараби оқуларының аясында «ЮНЕСКО-ның журналистика саласындағы  білім беру бағдарламаларын қолданудағы даму мен оның тұрақты дамуға қосқан үлесі» тақырыбында форум өтті.

Форумның ұйымдастырушысы – 2017 жылы ЖОО-ның журналистика факультеттерінің сұранысымен құрылған Alma-Mater of Journalism клубы. Клубтың алғаш қолға алған шарасына Қазақстандағы АҚШ және Ауғанстан елшілігінің, MediNet халықаралық журналистика орталығының британдық кеңесінің өкілдері қатысып, БҰҰ қатысуымен жүзеге асатын білім беру бағдарламаларының басымдығы мен кемшін тұстарын талқыға салды.

Қазақстанның әр өңіріндегі 28 журналистика факультетінің қызметкерлері мен студенттерін жинаған форумда журналистерді дайындаудағы халықаралық стандарт негізгі тақырыптардың біріне айналып, осы тақырып төңірегінде құнды ойлар айтылды. Аталған бағдарламаларды Қазақстанға енгізудің стратегиялық маңыздылығы мен ерекшеліктері де форум қатысушыларының назарынан тыс қалмады. Сонымен қатар Алматыдағы ЮНЕСКО бюросы Сөз бостандығы мен БАҚ-тың дамуындағы ғаламдық тенденциялар туралы баяндама ұсынды.

Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова өзекті мәселелердің талқылау алаңын қалыптастырған форумның ұйымдастырылу деңгейі үшін ҚАЗҰУ қызметкерлеріне алғысын айтып, жаңадан құрылған клубтың болашағына үлкен сенім білдірді. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің пресс-атташесі Рэн Элхай журналистика мамандығын оқыту сапасына баса назар аудару қажеттігіне тоқталды. Ол Қазақстандағы «Үш тұғырлы тіл» жобасын қолдап, бірнеше тілді қатар меңгерген журналистің дүниетанымы кең болатынын ескертті.

Академиялық серіктестік форматында өткен форумның соңында БҰҰ-ның тұрақты дамуға бастайтын 17 мақсатына негізделген ұсыныстар жасалды. Олардың қатарында журналистика саласындағы үздік кітаптардың тізімін жасап, қазақ тіліне аудару, ЮНЕСКО білім беру бағдарламаларының ұлттық моделін жасау үшін арнайы жұмыс тобын құру да бар. Журналистика саласында білімін толықтырып жүрген студенттерді қуантатын тағы бір жаңалық қашықтықтан оқытатын онлайн курстардың пайда болуымен байланысты. Бұл ҚазҰУ-дағы маңызды цифрлық алаң болады деп күтіліп отыр.

Кәусар АХМЕТ

 

Бөлісу:

13 пікір жазылған

  1. Gregorymed 1 Мамыр, 2018 at 21:51 Жауап

    [url=https://goo.gl/j2vPXb]Energy Slim[/url] – это эксклюзивная революционная линейка продуктов для похудения.

  2. ThomasGrina 24 Тамыз, 2018 at 16:07 Жауап

    щедрый веб ресурс
    [url=https://poka-vse-doma2.ru/efirs/13191-dom-2-layt-za-3072018.html]Дом 2 Дневной Эфир Лайт Lite смотреть онлайн[/url]

  3. DerekCam 6 Қыркүйек, 2018 at 12:07 Жауап

    [url=http://mifepristone200mg.ru/ceni]Мифепристон купить[/url]
    [url=http://mifepristone200mg.ru/myfepristone]Мизопростол купить[/url]
    [url=http://mifepristone200mg.ru/myzoprostol]Мифепристон купить[/url]
    [url=http://mifepristone200mg.ru/myfepristone200-mizoprostol]Мизопростол купить[/url]
    [url=http://mifepristone200mg.ru/myfepristone600-mizoprostol]Мифепристон купить[/url]
    [url=http://mifepristone200mg.ru/catolog_mif]Мизопростол купить[/url]
    [url=http://mifepristone200mg.ru/spyral-multiload]Мифепристон купить[/url]
    [url=http://mifepristone200mg.ru/catolog_spiral]Мизопростол купить[/url]
    [url=http://mifepristone200mg.ru/instrukciya-dlja-medikamentoznogo-aborta]Мифепристон купить[/url]
    [url=http://mifepristone200mg.ru/opisanie-medykamentoznogo-aborta]Мизопростол купить[/url]

  4. DavidKneed 9 Қыркүйек, 2018 at 06:04 Жауап

    [url=https://crazy-mining.org/majning-2/ccminer-dobycha-pribylnyh-monet-na-nvidia/]ccminer[/url] – nicehash miner legacy скачать, Polaris BIOS Editor видеокарта прошивка

Пікір жазу


*