«Шыңырау» фильмінің трейлері жарияланды

223
0
Бөлісу:

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» толықметражды көркем фильмнің түсіру жұмыстары аяқталды. Кинотуындының қоюшы режиссері әрі сценарий авторы – Жаңабек Жетіруов.

Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің желісі бойынша түсірілген көркем фильм Еңсеп есімді құдықшының өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы, атап айтсақ, бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды.

«Шыңырау» фильмі өз елінің төл тарихына бейжай қарамайтын қалың жұртшылыққа арналған. Бұл пәлсапалық картинада көрініс тапқан көркем декорациялар, костюмдер және көз тоярлық әдемі табиғат аясындағы романтикаға толы сахналар, жануарлар қатысқан сахналар, Каспий теңізі, сырға толы Маңғыстау өңірі ешқандай көрерменді бейжай қалдырмайды деп ойлаймын», – деді фильмнің режиссері.

«Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, түсірілімнің барлығы Маңғыстау облысында өтті. Фильмде Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Түсірілімдер үшін Форт-Шевченко қаласына жақын жердегі Қанға ауылында декорациялар тұрғызылып, елді мекен фактураланды. Фильмдегі басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдады.

Baq.kz 

Бөлісу:

Пікір жазу


*