ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

229
1
Бөлісу:

Астана қаласының 20 жылдығына орай Burabay Summer Fest халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестивалі өтеді. Бұл туралы Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов мәлімдеді.
Орталық коммуникациялар қызме­тінде өткен баспасөз масли­ха­тына «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетек­ші солисі Жаннат Бақтай, фести­вальдің телевизиялық продю­се­рі Зарина Мұхамедәлі және «Қазақ әуендері» АҚ вице-президенті Сәкен Шәкеев қатысты. Әбіл Тауфи­кұлы Астананың 20 жылдығы­на орай ұйымдастыры­ла­тын фести­валь­­дің маңызы жоғары екенін атап өтті.
– Фестиваль Қазақстан Рес­пуб­ли­­касы Мәдениет және спорт министр­лігінің ұйымдастыруымен 22 маусым – 3 шілде күндері аралы­ғында Ақмола облысы Бурабай дема­лыс аймағында өткізіледі. Фести­валь еліміздің барлық өңір­ле­рі­нен дарынды балалар мен талантты жастарды анықтап, оларды жан-жақты қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту мен нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің ұлттық өнері мен тарихына деген қызығушылықты арттыру, жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынасты дамыту мақсатында ұйымдас­ты­ры­лып отыр, – деді Әбіл Жоламанов.
Зарина Мұхамедәлінің айтуын­ша, фестивальге 10-16 жас аралы­ғын­­дағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.
– Байқау «Вокалдық өнер» (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән), «Инструменталды орындаушылық» (дәстүрлі өнер, классикалық өнер, эстрадалық өнер), «Хореографиялық өнер» (халықтық би, классикалық би), сондай-ақ «Көркемдік оқу» номи­на­ция­лары бойынша өтеді. Ал «Бей­не­леу өнері» номинациясы қазақ­стан­дық ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясымен бірлесіп өткізіледі. Сондай-ақ фестивальге шет елдер­ден де балалар мен жасөспірімдер келіп қатысады, – деді ол.
Нақтырақ айтсақ, олардың ішін­де Ресей, Түркия, Қытай, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қыр­ғызстан, Грузия сынды мемле­кет­тер бар. Сондай-ақ ол 1 шілде күні Астана қаласында гала-концерт өтіп, байқау нәтижесі жарияла­на­тынын мәлімдеді.

 

Серік ЖОЛДАСБАЙ

 

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*