Ислам ұйымы шарасына қатысты

446
0
Бөлісу:

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А.Шәкіров Сауд Арабиясының Жидда қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссиясының 13-сессиясына қатысты. Отырыстың күн тәртібі мұсылман әлеміндегі әйелдер мен балалардың құқықтарын дамыту, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер жағдайында ИЫҰ Исламдағы бала құқықтары туралы фактісін жетілдіру мәселелерін қамтиды.

Қатысушы мемлекеттердің баланы шығу тегіне және дініне қарамастан, кемсіту­шіліктің барлық түрінен қорғау жөнінде шараларды қабылдау, сондай-ақ жаһандық және өңіраралық қарулы жан­жалдар мен қақтығыстар жағ­дайын­да балаларды қорғау нормаларын кү­шейту қажеттілігі туралы ортақ пікір айтылды.
Ашық талқылау барысында қазақ­стандық омбудсмен әріптестеріне заң­намалық базаны және құқық қолдану тәжі­рибесін жетілдіру, мемлекеттік ор­гандардың үкіметтік емес және ха­лықаралық ұйым­дармен өзара әре­кеттестігі, сондай-ақ ұлттық заңна­маларда тиісті ха­лықаралық нормалар мен стандарттарды енгізу тұрғы­сынан Қазақстандағы балалардың құқық­тарын көтермелеу бойынша қабыл­данған шара­лар туралы хабардар етті.
Бірқатар құқық қорғау бағыт­тарын­да, атап айтқанда, гендерлік тең­дікті қам­тамасыз етуге және бала­ларды зор­лық-зом­былықтан қорғау мәселелерінде қазақ­стандық тәжіри­бені тарату үшін ұсынылғаны атап айтылды. Осыған бай­ланысты сессияда қаралған құжат жоба­сына бірқатар нақты ұсыныстар ілге­рілетілді.
ИЫҰ Адам құқықтары жөніндегі Тәуел­сіз тұрақты комиссиясын құру туралы шешімі және оның Жарғысы 2011 жылғы 30 маусымда Астана қала­сында ИЫҰ Сырт­қы істер министрлері Кеңесінің 38-сессиясы барысында қа­былданған болатын. Комис­сия мұсыл­ман елдерінің адам құқықтары саласын­дағы беделді тұлғалардан тұратын 18 мүшеден құралған.
Ершай ӘЗІРЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*